«наурыз-көктем»

Аула іші мерекеге сай безендірілген.

Бибігүл-Тәрбиеші:

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып,

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Ұлыстың ұлы күніне орай өткізіліп отырған Наурызым асыл айым!  Атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

 

Хор: «наурыз-көктем»

 

Тақпақтар:

Нұрдаулет:

Армысыздар,халайық,

әркез аман болайық,

наурыз тойын қуанып

жылда қарсы алайық

наурыз күні той-думан,

ортамызды ашайық,

ән мен күйді төгілдіріп

інжу-маржан шашайық.

 

Б.Аянат:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығымен,шуағымен күн ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Қош келдің наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе берсін жасарып,

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.

 

Р.Жансая:

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді

Наурыз тойы салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеміз.

 

Диас:

Жылдың басы-Наурыз

Жырдың басы-Наурыз

Наурызға арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз.

 

Жеке Ән: «Көңілді ән»

(Умида, Айзере, Алина)

 

Бибігүл-Тәрбиеші:

Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонақтарымызда келіп қалыпты, қане, балалар, оларды қошеметпен қарсы алайық!

 

Қыдыр ата-Гүлфайруз :

Армысыңдар, жамағат!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң.

Естіліп тұр шаттық ән

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Күннің жаңа нұры бар

Мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрам бұл

Қарсы алайық тұрыңдар!

(Бәрі орындарынан тұрып,қошеметпен Күнді қарсы алады.)

Айжан- Күн кіреді:

Салем ата-аналар

Айналайын балалар

Қыдыр баба,аман ба

Жаса жайлы заманда

Уақыт үдеп келдім мен

Бақыт тілеп адамға!

 

Балдырған тобының наурызға арналған ән-шашуын қабыл алыңыздар.

 

Жеке ән: «Ана тілім-тұғырым»

Орындаушылар:Санжар, Назерке , К.Жансая , Мадияр , Аянат

 

Билеп Наурыз қыз келеді.

Гүлдана-наурыз қыз:

Салем, анам-алтын күн.

Салем, қарты халқымның

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

 

Бибігүл-Тәрбиеші:

Шарықтап көңілім аспандай

Биге бір жаным басқандай

Бишілер билей жөнелсе

Шаттықтың нұры тасқандай,-дей келе балдырған тобының  орындауында қазақ биі

 

Би: «Қазақ» биі.  «Балдырған» тобы

МАДИЯР АЛДАР КӨСЕ  МЕН САНЖАР ҚОЖАНАСЫР БОП КИІНЕДІ

 

Бағжан:

Салтымен ата-бабамның

Жаңғырды қайта заманым

Жаңа жыл басбұл Наурыз!

Қайырлы болсын қадамың

 

Жанкерей:

Жарқыра жайна наурызым

Қабағы жаудың түйілсін

Береке-байлық дәм тұзың

Халқыма мәңгі бұйырсын

 

Ұрпақтардың бағы болсын

Арайланған таңы болсын

Ақ батамен қол жайғанның

Тілегенінің б\әрі болсын

 

Әуенмен Алдар көсе мен Қожанасыр кіріп келеді.

Алдар көсе-Мадияр:

Мен Алдармын,Алдармын

Балалармен ойнаймын

Ренжітер сәбилерді

Тентектерден қорғаймын.

Құтты болсын наурызым

Қарным тойған күлкіге

Тағы айтарым ,тағы бар.

А-а-а-а-ай,-е-е-е-е-ей.

Қожанасыр-Санжар:

Мен Қожамын,Қожамын.

Шегі жоқ шығар даңқымның

Өмірімді арнармын

Бақыты үшін халқымның.

Бибігүл-Тәрбиеші:

-Сәлеметсіздер ме,Алдар ата,Қожанасыр,сіздердің келгендеріңізге балалар қуанып отыр,тойымыздың сәні болыңыздар.

Алдар көсе:

Мен балаларға ойын әкелдім.ойын «Қыз қуу» деп аталады.

Ойын: «Қыз қуу»

Шарты: ұл да,қыз да бір-бір атқа мініп дайын тұрады.Әуен біткенше,жігіт атпен шауып, қызды қуып жетіп,бетінен сүю керек,әуен біткенше ұстай алмаса,қыз жігітті қуып жүріп қамшылайды.

 

 

Көрініс: «Шығайбайдың қазаны»

«гәкку» әнімен ортаға шық бермес Шығайбай мен бәйбішесі,қызы Бізбике кіреді.

Шығайбай (Мирас):

Әй, бәйбіше,ас дайын болды ма?

Бәйбіше(К.Жансая):

Қазір,байеке, дайын дайын.

 

Осы кезде сырттан дабырлаған дыбыстар шығады.

Шығайбай:

Ойбай, бәйбіше,жап қазанды, тық. (қазанды шапанымен көмкереді)

 

Алдар,Қожанасыр кіреді.

Алдар:

Уа,тоқтаңдар,жарандар,

Ана жаққа қараңдар

Тайқазанын күркелеген

Бұл неғылған адамдар?

Қожанасыр:

Жай адамың бұл емес

Бізбике қызы қасында

Шығайбай ғой шық бермес.

Бұларға не көрінген?

Жанына барып білейік

 

Екеуі қазанды шапанымен жауып жатқан Шығайбайдың жанына келеді.

Алдар:

Не істеп жатсың байеке?

Жұмыртқа басатын тауықтай

Қазанға жапқан шапаның

Отқа жанса қауіп қой.

 

 

Шығайбай:

Қазан жоқ бұл жерде.

Қожанасыр:

Қуын қара байекеңнің, «Наурыз» тойында қазанын қорғамақ.

Алдар: (дабыр-дүбір)

Аттан,аттан,байеке,бол тез,аттан,қасқыр шапты қойыңа!

Шығайбай:

Ойпырмай,бұл қалай? (Алқынып жүгіріп шығып кетеді) соңынан бәйбішесі, қызы жүгіріп шығып кетеді.

Алдар:

Мереке соңында шықбермес Шығайбайдың тамағынан ауыз тиеміз.

Қожанасыр:

Жарайсың,Алдар көсе!

 

Хор: «көктем келді»

 

НҰРАСЫЛ,САНЖАР, НҰРДАУЛЕТ, К.ЖАНСАЯ , НАЗЕРКЕ,НҰРАЙ ОРЫС КОСТЮМДЕРІН КИЕДІ.

 

Айжан-Күн:

Наурыз —  бірлік, ынтымақ мейрамы. Сондықтан да оны тарихи маңызы бар. Наурыз халқымыздың салт-санасы , әдет-ғұрпы. Ендігі кезекті сұрақтар арқылы кімнің қаншалықты білгір екенін байқайық.

1-сұрақ. Ертеде неліктен жеті жігіт жаңа жылда жеті шырақ жағып ауылды аралайды екен?(жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен шырақ жағып ауылды аластайды)

2-сұрақ. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған(21 наурыз)

3-сұрақ. Наурыз көжеге қосылатын қасиетті дәмдерді ата ( ет,сүт, күріш, тары, мейіз, тұз, су)

4-сұрақ. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті қауашақты әсем өсімдік. Осы өсімдік қалай аталады? (Наурызшешек)

5-сұрақ. «Наурызша» дегеніміз не? (наурыз айында жұп-жұқа қиық қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды)

6-сұрақ. «Наурызкөк» дегеніміз не?( Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы)

7-сұрақ. «Жеті қазынаға» не кіреді?

8-сұрақ. Ұлттық ойындарды атаңыз

9-сұрақ. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда не деген мағынаны білдіреді?

 

Бибігүл-тәрбиеші:

Балалар,ойын ойнаймыз ба?Ендеше, Қазақтың ұлттық ойындарының бірі- «Ханталапай» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: мен казір мына қалтадағы асықтарды шашамын,осы асықтарды ең көп жинаған бала  және мына қызыл асықты кім тез алып үлгерсе,сол ең ақылды әрі тапқыр бала болады.

 

Кадриль  биі: Нұрдаулет,Санжар,Нұрасыл,

                          К.Жансая,Назерке,Нұрай

  

АЯНАТ;НАЗЕРКЕ;НҰРАЙ;ЖАНСАЯ;ЖАНСАЯ  КӘРІСШЕ КИІНЕДІ

Ұлдар қайтадан қазақша киімін киеді.

 

Гүлдана-наурыз қыз:

Наурыз тойы-көңіл тойы,көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы,

Наурызға құлыншақтың балғындары

Шын жүректен бақыт тілеп жыр арнайды.

 

Айтыс «Құлыншақ» тобы

Ойды қозғап жасынан

Қайта туған ғасырым

Төле би мен Қазыбек

Әйтеке би асылым

Айбын болған еліме,

Айдын болған көліме

Айналайын үш биім

Пана болған жеріме

Қ/сы:

Бабамыздың тілімен

Даламыздың үнімен

Ана тілін жаттаймыз

Наурыз тойы келіпті

Даламызға жетіпті

Наурыз тойын тойлайық

 

Ана тілі асын нәрі бабамның

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның

Сәби шақта бесігімде жыр тыңдап

Туған тілді жаттап өскен баламын

Бибігүл-тәрбиеші:

 

Қызғалдақтай құлпырып,

Қыздарымыз жайнасын ,-деген тілекпен қыздардың биін тамашалайық.

Би: « Гүлдер биі»

Балғын, Айзере,Бағжан

     

Бибігүл-тәрбиеші:

Қазақ халқында ертеден келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп.Олар бүгінге дейін сақталып келе жатыр.Сол салт-дәстүрлердің бірі — «Атқа отырғызу» рәсімі.міне,қазір біз осы рәсімді  өткізгелі отырмыз.

 

Қазақ халқы бұрын көшпелі ел болған соң ұл баланы атқа отырғызуды ерте жасынан бастаған,ат-жалын тартып мінгізген.Ұл баланың сүндет тойынан кейін тілашар той, тұсаукесер тойларында нағашылары немесе өз атасы жылқадан тай таңдап сыйға тартқан. Ал әке-шешесі жігіт болудың алды-деп «Атқа мінгізу» рәсімін жасаған. Әуелі атты ерлеуді үйреткен.

1.Жылқы әбзелдері: ер-тұрман,ауыздық-жүген,үзеңгі -бау,жабу-тоқымы,қамшы-суреттермен таныстыру.

2.Ойыншық тайға жабу жауып,Райымбекті тайға отырғызады.Отырғызар алдында бата береді.

3.Батадан кейін тайға отырғызады.Бір шеңбер айналып,шауып жүреді.Тайдан түскен соң:

Анасы:

-тақымың талмасын,-деп,әдемі сырмалы етік сыйлаймын. «Атың жүйрік болсын»

Тәтесі:

-қарың талмайтын білекті күшті бол,-деп қамшы мен шоқпар сыйлаймын. «Жылқың сүрінбесін»

Әкесі:

-Әрдайым қатарыңның алды бол,еліңнің басшысы бол.-деп бас киім сыйлаймын. «Астыңдағы атың-қанатты тұлпар болсын!

 

Әжесі:

-Тіл-көзден, жыртқыш аң мен бәле-жәледен қорғап жүрсін!-деп тұмар тағайын. «Тұлпарың өз үйіңе оралатын болсын!»

Атасы:

-Жаңбырмен жер көгерер

Батамен ел көгерер.-деген. Ақ батамды берейін.

Тағы да бата берейін.

 

Бибігүл-тәрбиеші:

Осымен баланы «Атқа мінгізу» рәсімі аяқталды.Баршаңызға рахмет! Келесі кезекте Балдырған тобының қыздары «Кәріс халқының ұлттық биін» билеп береді.

 

  Би: «Кәріс биі»

АЯНАТ;НАЗЕРКЕ;НҰРАЙ;ЖАНСАЯ;ЖАНСАЯ 

 

Бибігүл- Тәрбиеші: Балалар наурыз тойының өзіне тән ырым асы Наурыз көже,ендеше әжеміз наурыз көже тағамы туралы айтып берсін.

 

Әже: наурыз көже туралы айтып береді.

 

Бибігүл-Тәрбиеші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен балаларымызға  ата- әжелерімізден наурыз бата сұраймыз.

 

 АТА: Бата.

 

 

Бибігүл Тәрбиеші:

Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің

Басын қостың салт -дәстүр , сан ғұрыптың

Жаса наурыз жарқыра көкте күндей

Мерекесі достықтың,мәңгіліктің,- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құлыншақ» мектепке дейінгі кіші-орталық»мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда 2013 ж. наурыз