[Р] дыбысымен әрпі ашық сабақ
Тақырып: [Р] дыбысымен әрпі
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру. Фонематикалық қабылдауын, зейінін, есте сақтау жалпы және артикуляциялық маторикасын дамыту. Сөздегі Р дыбысының орнын табу. Қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.
Құралдар: айна, зонд, заттық картиналар, дыбыстар, дауыссыз дыбыс үлгісі.
Жүргізілетін жұмыстар:
- [Р] дыбысын жекелей қатты, жәй, ұзақ, қысқа дыбыстау
[Р]- [Р]- [Р]- [Р]- [Р]- [Р]- [Р]
- Дыбыстарды буында дыбыстау.
Жаттамақ
Мен [Р] әріпімін
Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
[Р]-ды айту қиын-ақ
Кейбіреулер қорқуда.
Қолымызға айнаны алыпөзіміз айтып көреміз.
[Р] әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. [Р] әрпі барсөздерді айтамыз. Радио, Домбыра, Жаңбыр. Көгершін
Ара-деген сөзге дыбыстық талдау талдау жасайық а-р-а деген сөзде 2 дауысты 1дауыссыз 3 әріп,3 дыбыс бар.
- Сергіту сәті.
Ракета зымырап
Ғарышқа оны ұшырам
Аспанға қарап ай кордім
Төмен қарап жер көодім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
- Артикуляциялық жаттығу.
«Ат шауып келеді»-аузымыз ашық, тілімізбен таңдайымызды ат шапқандай етіп қағамыз.
«Сылақшы»- аузымыз ашық, тіліміздін ұшымен таңдайымызды ақырын сылаймыз.
- Саусақ жаттығуы.
«Жаңбыр жауды»- партаның бетін саусақтарымызбен жаңбырдың дауысын саламыз, жаңбыр жай жауды, жаңбыр қатты жауды.