«Ой мен ойын» сайысы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІНДЕГІ № 170 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ

 

Сыныбы: 10

Тақырыбы: «Ой мен ойын» сайысы

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: презентация слайдтары
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Сайыстың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерің көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 2 топ қатысады.

Сайысқа қатысушылармен танысып алайық.

Таныстыру.

Сайыс 6 кезеңнен  тұрады.

  1. Бетпе – бет (Әр топқа жеке – жеке 5 сұрақ қойылады. Топ мүшелері белсенділікпен жауап берулері керек). Әр жауап 1 ұпаймен бағаланып отырады.
  2. Суреттер сөйлейді (мақал – мәтелдер беріледі, соны тақтаға суре салу арқылы топ мүшелеріне түсіндіреді. Топ мүшелері мақал – мәтелді суретке қарап табу керек). Әр жауап 10 ұпайдан бағаланады.
  3. Өзіңді таныт! (Әр топтың мүшелері шығып, адасқан әріптен сөз құрап, құралған сөздің ағылшынша аталуын жазады). Әр жауап 15 ұпайдан бағаланады.
  4. Көп сөйлеме (тақырыпқа байланысты сөздер беріледі, сол сөзді топ мүшелеріне ыммен түсіндіруі тиіс). Әр жауап 5 ұпайдан бағаланады.
  5. Хронология (бұл кезеңнің тапсырмасы фотосуреттерде ұсынылған картиналарға қатысты жауаптар тақтада ұсынылған сандарда. Фотосуреттер мен сандарды дұрыс сәйкестендіру) Әр жауап 10 ұпаймен бағаланады.
  6. Логикалық сұрақтар (берілген сұрақтарға топ мүшелері ойласа отырып жауап береді). Әр жауап 20 ұпаймен бағаланып отырады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.  — демекші, әділ қазыларды таныстырып өтейін:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Екі топтың топ басшысын ортаға шақырып, жеребе таңдату арқылы қай топтың бірінші бастайтынын анықтап алайық.

Шарты: Әр кезеңнен соң ұпай сандары хабарланып отырады. Қай топ  бірінші бастайтынын сулифа ойынын ойнау арқылы анықтаймыз. Топ басшылар ойнайды. Сулифада жеңген топ сайысты бастайды.

  1. Бетпе – бет. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

I топ.

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі?
  2. Жалқы есімдер қалай жазылады?
  3. Сын есімнің сұрақтары?
  4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді?
  5. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

II топ.

  1. Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?
  2. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?
  3. Батыр сөзіне жуық, мәндес сөзді ата.
  4. Жалпы есімдер қалай жазылады?
  5. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
  6. Суреттер сөйлейді. Әр жауап 10 ұпайдан бағаланады.

I топ.

 

  1. Қойдың сүті – қорғасын.
  2. Темірді қызған кезінде соқ.
  3. Аз сөз – алтын, көп сөз – күміс.
  4. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
  5. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

 

 

II топ.

 

  1. Жер – қазына, су – алтын.
  2. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
  3. Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық.
  4. Ас атасы – нан
  5. От көмір жейді, тот темір жейді.

 

 

  1. Өзіңді таныт! Әр жауап 15 ұпайдан бағаланады.

 

  1. Ықс – қыс — Winter
  2. Шаға – ағаш — Tree
  3. Уат – тау             — Mountain
  4. Клө —  көл             — Lake
  5. Панса – аспан        — Sky
  6. Нүк – күн  — Sun
  7. Ус – су — Water
  8. Мұтхи – мұхит   — Ocean
  9. Ңбыржа – жаңбыр   — Rain
  10. Ерж – жер           — Land

 

 

  1. Көп сөйлеме. Әр жауап 5 ұпайдан бағаланады.
  2. Мектеп тақырыбы: Кітап,парта, қоңырау, бор, күнделік.
  3. Отан тақырыбы: Ту, Елтаңба, теңге, Қазақстан картасы, Президент
  4. Үй тақырыбы: дастархан, теледидар, отбасы, телефон
  5. Салт – дәстүр: бесікке салу, беташар, тілашар, тұсаукесер
  6. Ас үйге қатысты: алжапқыш, қасық, елеуіш, оқтау, қазан, ұн, кесе,палау
  7. Құрылыс тақырыбы: кірпіш, түсқағаз, шатыр, ара, кран, есік, каска, шеге, балға
  8. Спорт тақырыбы: былғары қолғап, шахмат, жанкүйер, бокс, жаттықтырушы

 

  1. Хронология. Әр жауап 10 ұпаймен бағаланады.

I топ.

 

  1. Ата Заң күні? 30 тамыз
  2. Үш бәйтеректің туған жылы? 1894 жыл
  3. Тәуелсіздігімізге қанша жыл? 25 жыл
  4. Абай Құнанбаевтың туған жылы? 1845 жыл
  5. Президент күні? 1 желтоқсан

 

II топ.

 

  1. Желтоқсан оқиғасы болған жыл? 1986 жыл
  2. Үш бәйтеректің дүниеден өткен жылы? 1938 жыл
  3. Астан күні? 6 шілде
  4. Абайдың қарасөздері қанша? 45 сөз
  5. Шоқан Уәлихановтың қайтыс болған жылы? 1865 жыл

 

 

 

Логикалық тапсырмалар
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек.

 

 

 

 

  1. Логикалық сұрақтар. Әр жауап 20 ұпаймен бағаланып отырады.

I топ.

  1. Егісте – жасыл, фирмада – қара, үйде – қызыл.
  2. Бір жұмысртқа 5 минут піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
  3. Отыз «Я» әрпінен тұратын қыздың аты?
  4. Барлық ат шөп жейді, бір ат шөп жемейді, ол қандай ат?
  5. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?

II топ.

  1. «А»-дан «я»- ға дейінгі ағатын өзен?
  2. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағаттан ойнайды?
  3. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
  4. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар?          Асығы нешеу? Ж: 23 асық, 3 немере
  5. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді ,аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?                                        (2 – уі қалды,қалғандары ұшып кетті)

 

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Жеңілген топқа өнерлерін паш етуін  тапсырады.

Өнердерін ортаға салады.

Қорытынды: Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз.