«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
Ашық тәрбие сағаты:
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»
Өткізген:
Тыныштық Ш.Т
2018 — оқу жылы
Тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Оқу орны, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала — жапырағы», слайд, әріптер жазылған карточкалар, мультимедиялық проектор.
Түрі: танымдық сайыс, пікір талас
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу.
Студенттерді екі топқа орналастыру.
Мұғалім: Құрметті, оқытушылар, студенттер! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала-ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз: «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық. Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады:
І бөлім. Таныстыру.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық»
ІІІ бөлім. «Тығырықтан шығу»
ІV бөлім. «Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу.
V бөлім. Пікір талас
VІ бөлім. «Сөз тапқанға …..»
Сайысымызды бағала йтын әділқазылармен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » тобы. (10 балл)
— Алдымен топтың атын, ұранын таныстырып мағлұмат береді.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
(әр сұрақ 5 балмен бағаланады)
І топ
- ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
- Шоқанның әжесі? «Айғаным!»
- «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? «Құрмаш
- Қандай ұлттық тағамдарды білесің? «қазы-қарта, жал-жая,бешбармақ, шұбат.»
- Үстеудің неше түрі бар? (7)
- «Қазақ хрестоматиясын жазған кім?» (Ы.Алтынсарин)
- Күй атасы кім? (Құрманғазы)
- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес.)
- Балдан тәтті не? ( бала)
- Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
- Балаға кім сыншы? (ата)
- Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра(
- Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
- Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
- «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
- ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)
18.Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?( 14 жас)
ІІ топ
- Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж)
- Абайдың туған жылы? (1845ж)
- Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан)
- Ақылды сөзінің түбірі ( ақыл)
- Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)
- Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)
- Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)
- Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)
- Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.
10Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
11.18жасқа толмаған адам ( бала)
12.«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
13.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
14.Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)
15.Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
16.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
17.Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
18.Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
ІІІ бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер. (әр сұрақ 5 балмен бағаланады)
І топ
- Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
- Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
- Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
ІІ топ
- Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
- Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
- Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
Келесі ІV бөлім «Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу.
Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді. .(әр сұрақ 5 балмен бағаланады)
- Атаға қарап — ……………, анаға қарап — ……………… ( ұл өсер,қыз өсер)
- Ананың көңілі балада, …………………….. ( баланың көңілі далада)
- Ата-ананың қадірін — ………………………….. ( балалы болғанда білерсің)
- атаның баласы болма,……………………….. ( халықтың баласы бол)
- Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқанда соны ілерсің)
- Балалы үй базар, …………………………….( баласыз үй қу мазар)
- ата көрген оқ жонар, ……………………..( ана көрген тон пішер)
- Ананың сүті – бал, …………………………..( баланың тілі – бал)
- Туған үйдің түтіні жылы, …………………………( туған ананың күтімі жылы)
- Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….( артыңа ауыр жүк артпа)
- ………… – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
- Әке – асқар тау, ………………………..( ана- шалқар көл)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты » дегендей,V бөліміміз «Пікір талас» деп аталады.
Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?
(10 балмен бағаланады)
І топ: дұрыс емес
ІІ топ: дұрыс
Соңғы бөліміміз «Сөз тапқанға …..» деп аталады. .(әр сұрақ 5 балмен бағаланады)
Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.
І топ
1.Тілді қадірлейсіз бе?
- Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
- Мерекеге қандай киім киесіз?
- Кітап оқығанды ұнатасың ба?
- Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?
6 Достарың кімдер, коп пе?
7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
8 Түнде аспанда не болады?
9 Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?
10 16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?
ІІ топ
- Тіл сүйектен өте ме?
- Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
- Оқу ғимаратына қандай киімммен келесіз?
- көршіңмен татусың ба?
- Ауа райы салқын ба?
- Дүниедегі қымбат жан
- Түлкі неге қу аң
- Су тіршілік көзі ме?
- Бақыт дегеніміз не?
- Ит жеті қазынаның бірі ме?
Сайысымызды бағала ған әділқазылардан сайыс қорытынды балдарын сұраймыз. (Сайыс қорытындыланып қорытынды сөз тәрбие ісі меңгерушісіне беріледі. алғыс хатпен мараппаталады.)
Қорытындылау: Құрметті оқытушылар, студенттер ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық- қатыгездікке, жомарттық-тоғышарлыққа, адалдық-арамдыққа, парасаттылық-парықсызжыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, келіп қатысқан оқытушыларға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!