“Тұмау жұқпалы ауру”.

                   “Тұмау жұқпалы ауру”.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: сары ауру, дезентрия, тұмау аурулары туралы білімдерін терендету, аурулармен күресе білу және алдын алу біліктілігін арттыру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстану үдерісін қалыптастыруға тәбиелеу. Жауапкершілігін арттыру.

Сабақтын түрі: жекелей жұмыс.

Сабақтын көрнекілігі: плакаттар, тұмау, жұқпалы ауру туралы мәлімет.

Сабақтың барысы.

Қызығушылықты ояту кезеңі – “Ой қозғау”.

  1. “Жұқпалы аурулар” дегенде, ең алдымен, қандай аурулар еске түседі? Аурудың деңсаулыққа әсері және таралу жолдары туралы дәптерге немесе тақтаға шығарып оқушыларға жаздыру.
  2. Адасқан әріптерді табу.
т у ы м т а у қ
е б ш а ұ м з ы
р қ ы с п и ы л
к у Л е з д а ш

 

Бұнда бес жұқпалы аурудын түрі бар. Соны балалар тауып алу керек.

  1. “Еркін жазу” стратегиясы.

*   Ауру қалай тарайды?

*  Алғашқы белгілері қандай?

*  Сақтану, алдын алу жолдары қандай?

  1. Оқушыларға тұмау жайында аздап түсінік беру.

Тұмау – бұл күрделі, ауа арқылы таралатын инфекциялық ауру. Тұмау ауруы адамнан адамға оңай жұғады.

Ауруға балалар, әсіресе, сәбилермен мектеп жасындағы оқушылар жиі шалдығады, себебі балалар ағзасы күрделі тыныс инфекциясын тез қабылдағыш келеді. Сонымен қатар, оған тиімді және дұрыс тамақтана алмау, ыстық тамақ ішпеу және сабақтың шамадан тыс көп болуы да өз ықпалын тигізеді. Грипті сізбен тығыз қарым – қатынастағы науқас адамнан жұқтырып алуға болады. Жұқтыру сәтіне бастап аурыдың алғашқы белгілері өте тез бірнеше сағатта пайда болу мүмкін.

  1. Мына төмендегі берілген фигураның ішінен тақырыпты тауып алыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ал балалар енді мына сұрақтарға жауап беріңдер.
  2. Тұмау жайлы не білесіндер?
  3. Қандай жұқпалы ауруларды білесіңдер?
  4. Біздің ден саулығымыз күшті болу үшін және ауырмау үшін не істейміз?
  5. Егер сен өзің тұмау ауруымен ауырып қалсаң не істер едін?

 Қорытынды: Ал, қанеки балалар біз бүгінгі сабағымызды қортындылаймыз! Бүгінгі сабақтан сендер не түсіндіңідер? Маған айтып бере аласындар ма? Тұмау қалай жұғады? Тұмаудын қандай симптомдарын білесіңдер? т.б.

Өз қорытынды сөзім: Шығыста “Деннің саулығы, озат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты өмір болды” деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Ел басы “2001 – 2005” жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту туралы заңға қол қойды. Бұл үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.