8 Наурыз

 

 

Жүргізуші: 8 Наурыз – аяулы аналарымыздың мерекесі – көктемнің алғашқы айында келіп тұр. Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы келіспейтін секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды.

Құрметті де қадірлі аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар – дей отырып құттықтау сөз кезегі облыстық санаторлық мектеп – интернат директоры Шарипова Майя Маратовнаға беріледі.

 

Залға әуенмен қыздар кіреді, ұлдар қол соғып қыздарды қарсы алады.

Серік:     Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Айтбек:  Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

(Әуенмен залға ұлдар кіреді жан жақтарына қарайды.)

 

Жүргізуші:

— Балалар, бүгін бізде қандай мереке?

— Аналар, әжелер күні.

— Ал біздің қыздарымыз жок кой, қане бәріміз қол соғып ортаға қыздарымызды шақырайық.

(Ұл балдар қыздарға гүл сыйлайды)

 

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар, сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болғанын тілейміз. Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар.

Иманали:   Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Ақнұр:           Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Амина:        Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

 

Назерке:    Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа.

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

 

Ж. Жанерке:    Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

 

Салтанат:    Үн қатасың бал тіліңмен,
Еркелеймін әр күніңмен.
Құттықтаймын, анашым.
Сегізінші Наурызбен!

А. Жанерке:Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Ауырмасын ешқашан.
Аналардың жүрегі.

 

Жүргізуші: Бар ана туған жердің гүлі дер ем,

Анажан, қайғың болса күңіренем.

Таусылмас тау туындай ақылың бар,

Сен барда менің әрбір күнім өлең, — деп кезекті әнге берейік.

 

Ән: «Аналар күні»

 

Балалар, біздің мерекемізге қонақ келе жатқан сияқты.

Әуенмен көктем келеді.

Көктем: Мен көктеммін, көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін.

Тілеп жылға оң қадам

Ән арнайды ел маған

Тіршіліктің бастауы

Көктем айы мен болам.

Жүргізуші:  Қош келдіңіз көктем! Біздің балаларымыздың өнерін тамашалап бізбен бірге болыңыз.

Ән: «Мамочка моя»

 

Ақерке:        Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп, дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.

Ү. Алтынай:Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Өзенбай:     Гүлдерді мен жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.

 

 Ұлдана:  Адамзат қуат алар ақ сүтінен
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең
Аналық махаббаттың кәусәр бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 

Жүргізуші: келесі кезекте « Көктем » биі.

Жүргізуші: Көктем, балаларымыздың өнері сізге ұнадыма?

Көктем: Әрине ұнады, өте өнерлі балалар екен, өркендерің өссін.

(Осы сәтте есікті қағып қасқыр келеді)

Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме! Балалар, қызыл телпекті көрмедіңдер ме? Мен сол қызыл                                                телпекті іздеп жүрмін, ол көктем айында әжесіне келетін еді. Айтыңдаршы, балалар, сендер неге жиналып қалғансыңдар?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қасқыр? Қайда бара жатырсың, бүгін мереке гой қыдырып жүрген боларсың?

Қасқыр: Е-е-е. Қызыл телпек көктем айында әжесіне неге келеді десем, әжесін мерекемен құттықтауға келеді екен ғой. Мен қазір қызыл телпектің әжесін ұстап алайын, — деп әженің үйінің есігін қағады. Ешкім ашпайды. Қасқыр үйіне кіріп алады. Балалар, сендер үйде қасқыр бар деп айтпаңдар деп әжесінің киімдерін киіп алады. (қызыл телпек келеді)

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын, сендер де әже, аналарыңды құттықтап жатқан боларсыңдар. Мен де әжемді құттықтауға келдім –деп есікті қағады.

Қасқыр: Бұл кім?

Қызыл телпек: Әже, әже мен ғой немереңіз қызыл телпекпін ғой. Сізді мерекеңізбен құттықтауға келдім.

Қасқыр: (есікті ашып шығады, қызыл телпекті құшақтайды) Амансың ба?

Әже, әже сіздің қолыңыз неге үлкен?

Сені қатты құшақтау үшін, қызым.

Әже, әже құлағыңыз неге сондай үлкен?

Сені жақсы есту үшін, қызым.

Әже, әже көзіңіз неге үлкен?

Сені алыстан жақсы көру үшін қызым, — деп қасқыр әжесінің киімін шешіп тастайды.

Қызыл телпек: Сен қасқыр екенсің ғой, менің әжем қайда ,сен оны жеп қойдың ба?

Қасқыр: Жоқ, жоқ мен сенің әжеңді жеген жоқпын, саған да тиіспеймін. Бүгін қыздардың мерекесі екен ғой одан да мен саған сыйлық алып берейін.

Жүргізуші: Көрдіңдер ме, балалар, бұл мерекеде қасқырдың өзі қыздарды, аналарды сыйлап өзінің ойынан бас тартты, Әрдайым осындай кешірімді, мейірімді болайық.

Қасқыр, қызыл телпек ендеше сендер де бізге қосылып көңілдеріңді көтеріңдер.

 

Серік:  Ана деп жыр жырласақ, ана деп ән айтсақ, аналардың анасы ақ жаулықты әжелерімізді де құрметтейміз. Қазіргі айтылатын өлеңіміз де әжелер сіздер жайлы!

 

Назерке: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

 

Ж. Алтынай: Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
Шынболат: Айналайын әжем,
Мәпелеген жастан.
Менің қымбат данам,
Көңілі көк аспан.

 

Ән: «Оянғанда түнде жұбатып»

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бізге қонаққа әжелер келе жатыр екен қол соғып қарсы алайық.

 

Скеч.  “Әжелер айтысы”   Айтбек, Серік, Өзенбай, Иманали.

Айтбек:   Келіннен қорқып саспайық.

Келіңдер өсек бастайық,

Немеренің әр түрлі

Қылығын айтып тастайық.

 

Қайырмасы:  Ой-бай,белім-ай,

Қайда кеттің келін-ай.

 

Серік:        Немерем менің кір-кір боп,

Үйдің бетін көрмейді.

“Киндер” сатып әпер деп,

Еш тыныштық бермейді.

 

Қайырмасы:  Ой-бай сұмдық-ай

Ұят екен масқара-ай!

 

Өзенбай: Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Жүз теңгені сағызға,

Аямай беріп салыпты.

Қайырмасы:  Ой-бай сұмдық-ай

Ұят екен масқара-ай!

 

Айтбек:    Немерем менің блатной,

Күндіз тыным таппайды,

“Мультик көру керек”-деп,

Кешкі уйқыға жатпайды.

 

Қайырмасы:  Ой-бай сұмдық-ай

Ұят екен масқара-ай!

 

Иманали:  Келіндер келіп қапты ғой,

Біз де үйге кетейік.

Немере шіркін тәтті ғой

Барына шүкір етейік.

 

Қайырмасы:  Ой-бай,белім-ай,

Қайдан келдің келін-ай.

 

Би: «Әжелер биі»

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:  Той тойлап дала мен қалаларың

Мерекең құтты болсын аналарым

Аналарға арналған сыйлықтарын

Сыйлауға келе жатыр балаларың.

(балалар аналарына арналған сыйлықтарын таратады)

 

Жүргізуші:  Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз  —  деп құрметті қонақтар, балалар бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Қош сау болыңыздар.