Қыстағы жапырақсыз аққайың

                           №19 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы: Шығармашылық, танымдық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қыстағы жапырақсыз аққайың.

Мақсаты: қыстағы жапырақсыз аққайың бейнесін бере білуді үйрету, жапырақсыз ағашты салу техникасымен таныстыру, эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: сурет салуға керекті құрал-жабдықтар. Қыстағы жапырақсыз ағаш бейнесі.

Сөздік жұмыс: қыстағы жапырақсыз ағаш.

Оқу іс-әрекеті кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Қайта-қайта қар жауады,

Қыс келгеннің белгісі.

Дала кезіп зар қағады,

Көбейген-ау жел күші.

Балалар шеңбер бойында тұрып, педагогтің іс-қимылын қайталап орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Біз қандай белгілерге қарап қыстың келгенін байқаймыз?

-Қыста ағаштардың күйі қандай болады?

-Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Айнала неге оранған?

-Балалар, қыстағы ағаштардың күйі осындай. Жапырақтары түсіп, бұтақтары ғана қалады. Қар жауғанда қардан тоң киеді.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-Балалар, бой сергітіп алдық, енді қыстағы жапырақсыз ағаты қағаз бетіне түсіріп көрейік.

Педагог ағаштың түрлері туралы сұрайды.  Аққайың ағашының ерекшелігін атап өтеді).

Қайың ағашының пайдасы зор. Біріншіден ағаштан сусын алынады. Одан кейін қайың ағашынан түрлі бұйымдар жасалынады: бесік, домбыра, шкаф.

Салу жолдары түсіндіріледі

-Ағаштың діңі ұзынша, төменгі бөлігі жуандау, жоғарыға қарай жіңішкере бастайды. Бұтақтары ағашқа көлденең және ұштары жоғарыдан төмен қарай иіліп тұрады.

Қолдарымен ауада сызып көрсетеді.Қағаз бетіне салып көрсетеді немес үлгі суретті, демонстрациялық материалды талдау арқылы түсіндіреді. Балалар сурет салуға кіріседі, олардың жұмысына педагог бақылау мен басшылық жасайды.

-Қыс.

 

-Қар жауады, күн суытады.

-Ағаштар тоғып, бүрісіп тұрады.

-Қар.

 

-Қарға.

 

 

 

 

Балалар қимылмен көрсетеді.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Салу жолдары түсіндіріледі

 

Балалар қыс көрінісін фон етіп алып, жапырақсыз ағаштар суретін салады.

Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, қорытындылайды. Балалардың жұмысын талдап, әңгімесін тыңдап, бағалайды. Балалар өз жұмыстары туралы айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қыс мезгілінде жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде болатын өзгерістерді, оған ауа райы мен сыртқы ортаның әсерін біледі.

Игереді: жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін анықтап, қағаз бетіне түсіруді біледі.

Меңгереді: талғаммен жұмыс жасау, жан-жақты байқағыштық қабілеттері қалыптасады.