«1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға»

Ортаңғы тобының    ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:_Батыргужина.Ж.С_________________________________________________   Күні:_11.12.18______________________________

Білім саласы:  «Таным»

Бөлімдері: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға.»

Мақсаты:4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету; өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (солға, оңға) анықтау және сөзбен баяндау.

 

Әрекет

 кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Тәрбиеші үстелге 1-ден 5-ке дейінгі сандарды орналасты-рады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді.

Балалар цифрды табады және тақпақ айтады.

Бұл – 1 цифры…

Бұл – 2 деген цифр…

Бұл – 3 деген цифр…

Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік

1-тапсырма.

Тәрбиеші балалардан шаршыларда қандай сан жазылға-нын сұрайды. Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешені білдірсе, сонша тақия мен етік салып шығуға тапсырма береді.

4 цифры туралы өлеңді айтып берулерін сұрайды.

 

2-тапсырма.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар.

«Санамақ». Сергіту минуты.

Бір, екі, үш, төрт

Жиналамыз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,

Отырамыз бәріміз.

3-тапсырма.

Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады. Жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек. Содан соң сонша дөңгелекті бояйды.

4-тапсырма.

4 жолақтың ішінде қандай фигуралар бар екенін айтады. Жолақтың ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады. Екі бірдей жолақты бір-бірімен сызық арқылы қосады.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды: 4 цифры.

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң.

Қолын қойып беліне,

Шаршамайды ешқашан.

 

Балалар  тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді: 3 үшбұрыш және 1 тіктөртбұрыш.

Балалар жаттығулар орын-дайды:

Екі аяқтап алға қарай секіреді.

Бір орында тұрып секіреді, отырады. Қолдарын жан-жаққа созады.

 

Балалар барлығы 4 бала бар екенін айтып, 4 дөңгелекті бояйды.

 

Екі бірдей жолақты қосып, оның бірдей екендігін дәлелдейді.

 

Рефлек-сиялық-

түзету-

шілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

 

 

-Балалар, сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер?

-Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдыңдар?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

1,2,3,4 цифрлары туралы.

Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштан.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 4 саны мен цифры туралы;

игереді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен салыстыруды; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды;

меңгереді: заттың орналасқан орнын анықтауды (солға, оңға); үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тани білуді.