Адам.қоғам.құқық Сабақтың тақырыбы І бөлімге қорытынды қайталау

Сыныбы: 10

Пәні:  Адам.қоғам.құқық

Сабақтың тақырыбы І бөлімге қорытынды қайталау.
Мақсаты Өткен сабақта өтілген тақырыптарды қайталауға тапсырмалар орындау арқылы пысықтау, қорытынды жасау.
Күтілетін нәтиже Алған білімдері арқылы өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады
Сабақтың әдісі Сыни тұрғыдан ойлауды сабақ барысында тиімді пайдалану
Тапсырмалар Сұрақтарға жауап беру, пікір талас
Құрал-жабдықтар  оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды бағалау.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт

 

 

Кіріспе

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Көрші : Мақсаты: бір-біріне жылылық сыйлау

 

Сұрақ-жауап арқылы назарын сабаққа аудару.

 

.

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

. «Ой қозғау». .

1.«Өмір бойы оқып, өмір бойы үйрен» дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Материалдық құндылық пен рухани құндылықтардың тарихи маңызы туралы не айта аламыз?

3. Еркіндік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

4. Жауапкершілік деген не?

5. Рухани бостандық дегенді қалай түсінесің?

6. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ.

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма: Қоғамда адам еркіндігін шектейтін жайттар кездесе ме? Мысал келтіріңдер?

2-тапсырма.  Қорқыт атаның: «Қыз анадан көрмейінше үгіт алмас, ұл атадан көрмейінше қонақасы бермес», «Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі», «Тәкаппарлық еткенді тәңірі сүймес», «Көңілін жоғары тұтқан ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздерінде тәрбиелік, адамгершілік, жауапкершілік ұғымдар кездесе ме?

3-тапсырма:

 Адам – бойындағы жаман қасиеттерден қалай арылуға болады? Ойларыңда ортаға салыңдар.

 

 

Өз ойларын білдіре отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашады.

 

 

Берілген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Өз ойларын ашық баяндайды.

 

 

 

Пікір талас:

 

 

6 минут

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

10мин

Қорытынды Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. .

1. Адамның рухани бостандығы неде? Оны қалай анықтауға болады?

2.Жеке тұлға өз өмірі үшін жауап береді дегенмен келісесіңдер ме?

Сұрақтарға жауап береді. 5 минут
Бағалау Критерийлер арқылы бағалау. Жиынтық баға.   3 минут
Рефлекция . Кері байланыс «Бүгінгі сабақ ұнадыма? »

 

 2 мин