Қысқы ою іздері

2016 жыл

Білім беру салалары:  Шығармашылық .

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:  Сурет салу.

Тақырыбы: “Қысқы ою іздері”.

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктеріне деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың көре білу, қоршаған ортаның ерекшеліктерін байқағыштық қабілеттерін дамыту, сурет салу қабілеттерін ашу, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Аяз суреттерінің суреттері,  қара көк дайындалған парақ, ақ гуашь, су құйылған ыдыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: қара көк дайындалған парақ, ақ гуашь, су құйылған ыдыс.

 

Сөздік жұмысы: оюөрнек ,сызықтар ,нүктелер .

 

Іс- ірекет кезеңі Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық   -Балалар, маған аққала бүгін аяз атадан хат әкеліп берді. Бірақ хатты ашу үшін жұмбақ шешулерің қажет. Хатта не туралы жазылғанын білгілерің келе ма?

Олай болса жұмбақты шешіп көрелік:           1.Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады.

 

2.  Аппақ- аппақ ақ мамық,

Жерде жатыр топталып.

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер жұмбақты дұрыс шештіңдер! Қараңдар хат өздігінен ашылып кетті.

Балалар аяз ата алыс орманда тұрады екен. Ол кейбір балалардың қысты  және аяз бен қарды жақсы көрмейтінін естіп қойыпты. Енді ол өкпелі екен.

-Балалар, сендер қысты жақсы көресіңдер ма?

Жарайсыңдар, балалар.  Аяз ата  қысты балалар жақсы көрсін деп, әрі олар тоңбасын деп ағаштарды қармен жауып әдемілеп жатыр. Терезелерді әдемі суреттермен оюлап безендіріп жатыр.

Балалар мұғалімді мұқият тыңдайды.

— Иә

 

 

 

-Аяз

 

 

-Қар

 

 

 

 

 

 

-Иә

 

Ұйымдастыру іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 -Ал, енді балалар, аяз атаның сендерге бір өтініші бар екен. Адамдардың барлығы қыстың келгеніне қуану үшін ол терезелерге ою салып жатыр. Алайда  үлгермей жатыр екен, сондықтан сендерден көмек сұрапты.

Балалар, көмектесеміз ба?

Ал, мен сендерге қалай салу керектігін үйретемін. Салғыларың келе ма?

 

-Ал, олай болса бой жазып алайық:

 

Жүріңдер, балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай құрыштай,

Шынықсын денеміз.

-Балалар кішкене демалып алдық, енді терезеге өрнек салуға кірісейік. Бұл өте оңай, тек қана жақсылап тыңдап , көрсеңдер болғаны.  Мұғалім қылқаламды қалай ұстау керектігін және жіңішке сызықтарды сызу керектігін, оның ішінде ою-өрнектер, сызықтар, нүктелер  көрсетеді.

 

-Балалар, сендерге түсінікті болса , салуды бастайық.

Мұғалім балалардың салуын қадағалайды, көмек керек балаларға жеке жеке көрсетеді.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

-Иә.

 

-Иә.

 

 

 

 

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар  жасайды.

 

 

 

 

 

 

Бояулармен жұмыс істейді.

Қылқаламмен сызықтар сызу арқылы өрнек салады.

 

 

Рефлексиялық түзетушілік -Балалар, біз бүгін қандай сурет салдық?  Қыс мезгілінің қандай ерекшелігін білесіңдер?

-Балалар бүгін сендер тамаша сурет салдыңдар!

Жарайсыңдар!

-Сендерге оқу іс әрекеті ұнады ма?

Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды.

 

Терезеге  ою-өрнек салдық.

 

 

-Иә

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.

Игереді:Сызықтар арқылы түрлі өрнек сала білуді.

Меңгереді:қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай бояуды.