Көгалда серуендеген балапандар

Технологиялық карта

2 — шi сәбилер тобы     

                    

Білім беру саласы: шығармашылық, таным.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы:  «Көгалда серуендеген балапандар».

Мақсаты: үй құстары туралы білім беу; балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру; желімсіз аппликация дағыдларын қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балапандар туралы, олардың қорегі, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: көгал.

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-желтый.

Оқу іс-әрекеті кезеңдері Педагогтің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тобасы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

«сәлем дейік» үлкенге

Балаларға «Шөжелер» әуені қойылады.

 

-Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?

Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.

 

 

 

 

 

Балалар өлеңді тыңдайды, билейді.

 

 

-Балапандар туралы айтылған.

Ұйымдастырушылық-ізденістік -Кәне, бәріміз бірге балапанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік.

 

-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?

-Балапанның түсі қандай болады?

-Неше балапан көгалда серуендеп жүр?

Сөздік жұмыс: көгал.

-Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарыд жапсыруды үйренеміз. Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз.

Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі-басын жапсырамыз.

Балалар педагогке қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді.

 

-Балапандарды.

 

-Сары.

 

-Үш балапан.

Қайталайды: көгал.

 

 

 

 

 

 

  -Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен? Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды  ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, солға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.

-Дөңгелекке ұқсайды.

 

 

Қайталайды: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

 

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көрсетілген сурет бойынша және педагогтің нұсқауы бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.

Рефлексиялық-түзетушілік Рефлексия:

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

-Балапан неше бөліктен  тұрады? Түсі қандай екен?

-Балапандар қайда серуендейді?

-Көгалда неше балапан серуендеп жүр?

-Балалар, бүгін тапсырамны жақсы орындағандарың үшін рахмет!

 

Балалар өз ойларымен бөліседі, педагогтің сұрақтарына жауап береді.

-Балапан үш бөліктен тұрады. Түсі сары.

-Көгалда серуендейді.

-Үш балапан серуенде жүр.

Балалар педагогтің айтқан рахметіне қуанады.

Күтілетін нәтижелер:

 жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;

қолданады: балапанның дене мүшелері  туралы түсініктерді.