Ойна да ойлан

Тақырыбы: «Ойна да ойлан».

Мақсаты: Балалардың білімін тиянақтау, 5-ке дейін тура жəне кері санату, геометриялық пішіндерді ажыратып, атай білуін жетілдіру, ойындардың шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл болуға тəрбиелеу, ойын арқылы баланың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Əдіс-тəсіл: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын.

Көрнекіліктер: сандар, геометриялық пішіндер, ойыншықтар, суреттер.

Барысы: Қонақтармен сəлемдесу. Шаттық шеңбері.

Арайланып таң атты,

Алтын сəуле таратты.

Жадырайды даламыз,

Жадырайды қаламыз.

Қайырлы таң, достарым.

Қайырлы таң қонақтар!

Тəрбиеші: Балалар, 1 жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл?

Қыс айларын атаңдар. Апта күндерін атап беріңдер.

Бүгінгі оқу іс-əрекетіміз «Ойна да ойлан» деп аталады. Бүгін біз көп ойындар ойнаймыз. Ол ойындарды ойнау үшін математика əлеміне барамыз. Математика əлеміне бару үшін автобусқа мінеміз. Автобусқа отыру үшін билет алайық. Билеттің санына сай əркім өз орнына отырады.

Əр бала билет алып, өз орындарына отырады, математика əлеміне келеді.

— Міне балалар математика əлеміне де келдік. Енді автобустан түсіп, тақта алдындағы орындықтарға жайғасайық. Мынау – алма ағашы, онда алмалар өсіп тұр. Осы алмаларда қандай ойын ойнайтынымыз жазылған. Бір бала шығып, алманы үзіп, маған береді. Қандай ойын алмада жазылса, сол ойынды ойнаймыз. Бұл алмалар жай алма емес, сиқырлы алмалар. Оны оқу іс-əрекеті соңында көремкіз. Кəне, алманы алуға кім шығады?

Бір бала алманы үзіп береді. Алмада жазылған ойынды ойнау.

1 ойын: «Сандардың көршісін тап».

Ойынның шарты: Сандарды ретімен қойып, оларды тура жəне кері санау.

Сандардың көршілерін балаларға атату.

2 ойын: «Ғажайып қалта».

Ойынның шарты: Геометриялық пішіндерді атап, түстерін айту. Бір бала шығып, көзін жұмып, қалтадан сипау арқылы бір геометриялық пішінді алады. Ол пішіннің неше қабырға, неше бұрышы бар екенін, түсін, қандай заттар бұл пішінге ұқсайтынын балалар өздері айтады.

3 ойын: «Заттарды теңестіру» .

Ойынның шарты: 5 қоянды қойып, оларға сəбіздерді беріп, теңестіру.

5 ойыншықтар мен 5 бананды теңестіру. (аз, көп, бірдей ұғымдарын пайдалану).

Сергіту сəті: Қолды алға созамыз,

Саусақтарды санаймыз,

1,2,3,4,5. 1,2,3,4,5,

Қолды бірге қос.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

4 ойын: «Не қайда тұр?».

Ойынның шарты: Үстел үстінде ойыншықтар тұрады. Ортадағы ойыншықтың сол жағында, оң жағында, алдында, артында қандай ойыншықтар тұрғанын балаларға айтқызу. Балалар өздерінің оң, сол жағында, алдында, артында не тұрғандарын немесе кім тұрғандарын айтып береді.

5 ойын: «Санамақ айту».

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым — əкем,

Балаң үйрек – анам.

Ортан терек – ағам,                                  Бір дегенім – білім,

Шылдыр шүмек – мен,                            Екі дегенім – елім.

Кішкене бөбек – сен.                                Үш дегенім – үшбұрыш,

Бір үйде біз нешеуміз?                             Төрт дегенім -төртбұрыш.

Бір үйде біз бесеуміз!                               Бес дегенім – бесбұрыш.

Тəрбиеші: Балалар, барлық ойындарды жақсы ойнадыңдар, жарайсыңдар! Енді бізде соңғы алма қалды. Сол алманы үзіп көрейік.

Алманы бір бала үзіп, əкеліп береді.

— Балалар, бəріміз бері келіп, көзімізді жұмып, алмаларға үрлейік (балалар алмаларға үрлеген кезде, қағаз алмаларды шын алмаларға ауыстырып қою).

Балалар, көрдіңдер ме, бұл алмалар жай емес, сиқырлы екен.

Ал енді балалар, тобымызға қайтайық. Ол үшін билет алып, автобусқа отырайық. (əр бала билетке сай орындарын тауып, отырады).

Қорытынды: — Балалар, міне, тобымызға да келдік. Бүгінгі оқу іс-əрекетімізде қайда бардық?

— Математика əлеміне автобуспен бардық.

— Қандай ойындар ойнадық? Балалар, жарайсыңдар. Бүгінгі оқу іс-əрекетіне барлықтарын жақсы қатыстыңдар, барлық ойындарды жақсы ойнадыңдар. Өздеріннің білімдеріңді көрсете білдіңдер. Енді қонақтармен қоштасайық, сау болыңыздар!

 

 

  

 

               Семинарлық жұмыс

               Практикалық бөлім

                Ашық оқу іс-əрекеті

      Қарапайым математикалық ұғым

 

Тақырыбы: «Ойна да ойлан».

 

 

 

 

«Балапан» тобы

Тəрбиеші Смаилова А.К.

 

 

 

 

 

 

                      2018-2019 оқу жылы