БИОЛОГИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

БИОЛОГИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Үштілділік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын. Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғы шарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея.

 

Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті, мәдениетті тұлға қалыптастыру. Қазіргі уақытта ғылымның дамуы адамдардың көптілді білу қажеттігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда, біздің, яғни педагогикалық жоғары оқу орны ұстаздарының рөлі зор.  Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Сол себепті, болашақ ұрпаққа үштілділікті қажетті деп ұғындыру ұзтаздың басты міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда әлемдегі ірі мемлекеттер көптілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан бізге де өз халқымыздың қарыштап дамып,  өркениеттен   кенже қалмау үшін көп тілді меңгеру қажеттілігі туындап отыр.   Себебі бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

 

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта үш тілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару қажет болып отыр.

 

Ұстаздың мақсаты — өмірден өз орнын таңдай алатын және өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен біліктілігін көрсете алатын, кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті маманды қалыптастыру.

 

Ағылшын тілінде оқытуға бетбұрыс жасаған  жаратылыстану пәндерінің бірі – биология. Биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту – болашақ биолог мамандардың   білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін толық танытуына мүмкіндік береді. Сабақ үдерісінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды. Бір ұтымдысы, биологиялық терминдер ағылшын және орыс тілінде де ұқсас келеді. Жаһандық терминология базасының бірдейлігі бізге оқыту үшін оңтайлы болып отыр.

 

Биология курсында жаңа терминдер, ұғымдар, анықтамалар өте көп кездеседі. Білімгерлерді терминдер мен ұғымдарды дұрыс пайдалануға үйрету  олардың тілдік мәдениетін дамытып, ғылыми сауаттылығын арттырады. Сондықтан  әр пәннен ағылшын тілінде терминологиялық сөздіктер дайындалып, оқу үдерісінде пайдалану жұмыстары үзбей әрі жан-жақты жүргізілуі тиіс.  Білімгердің сөйлеуіндегі кемшіліктер пәндік тілді және сол арқылы білімді үстірт игеруіне әкеліп соғады. Терминдердің мағынасын түсіне отырып игерсе, соғұрлым логикалық ойы мен білімі терең болады. Сондай-ақ әртүрлі сынақтарда таныс емес сұрақтарды тірек білімдеріне сүйеніп шеше алу мүмкіндігі туады.  Әрине білімгерлерге биологияны ағылшын тілінде оқуда бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін.  Алайда оқытушының басты міндеті – білімді меңгерудің нақты жолын таба білу. Берілетін білім  тиянақты, түсінікті, ойында қалатындай болуы керек. Сондықтан оқытушы өз білім деңгейін анықтап, әр сабақты жүйелі жоспарлап нақты мақсат қойғаны жөн.

 

Білім саласындағы мұндай күрделі өзгерістер  қандай мүмкіндіктер береді?

 

-Қазақстанның білім көрсеткішін әлемдік деңгейге көрсетуге;

 

-Шетелде білім алуға ниетті  азаматтарға үштілді жетік меңгеру үлкен жеңілдіктер береді;

 

-Қазақстандағы білімді әрі білікті мамандар санының өсуіне оң әсерін тигізеді.

 

Осыған сәйкес, осы оқу жылында Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Модульдік білім беру бағдарламасын негізге ала отырып, Биология  мамандығында ағылшын топтарын ашып  биологияны ағылшын тілінде  оқытуды қолға алдық. Ағылшын тілінде білім алу барысында болашақ түлектеріміз оқу — тәрбие үдерісінде  акпараттық — коммуникативті технологияларды пайдалана білуге, ақпараттық білім беру орталықтары және электрондық ресурстармен жұмыс жүргізуге, әртүрлі инновациялық  технологияларды меңгеріп, оларды өз мақсатына пайдалануға үйренеді. Демек, компьютер мен интернетті пайдалану және акпараттар алу, ұсыну және алмасу дағдысы қалыптасады. Әртүрлі бағдарламалық операцияларды қолданады, ВЕW  сайттарды  және интернет ресурстарын пайдаланып акпараттық білім беру көздерімен өзара  әрекеттесе алады.

 

Биологияны оқыту әдістемесімен, ағылшын тілінде қазіргі білім беру технологияларымен оның ішінде онлайн тәртібімен оқытуды үйренеді. Негізгі биологиялық құбылыстарды, заңдылықтарды біледі.

 

Биология мамандығы бойынша білім бакалаврын дайындауда басты назарға алатын мәселелер:

 

1.Білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ биолог маманның сапалы кәсіби дайындығын қамтамасыз ету;

 

2.Мектепте  биологияны ағылшын тілінде жүргізе алатын және оның әдістерін меңгерген маман дайындау;

 

3.Биология мамандығының іргелі негіздері мен оқыту технологиялары саласы бойынша биолог мұғалімнің құзіреттіліктерін қалыптастыру.

 

Биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқып білім бағдарламасын меңгеру барысында мынадай құзіреттіліктер қалыптасады:

 

-Болашақ  мамандар ғылыми терминдермен жұмыс істеуді, ағылшын және қазақ тілдерінде сөйлеу және жаза білу дағдысын меңгереді;

 

-Арнайы мәтіндерді түсініп, өзара қарым- қатынас жасау үшін  ағылшын тілінен алған білімін пайдалана біледі;

 

-Кәсіби тақырыпта басқа мамандармен сөйлесе алатындай жеткілікті деңгейде ағылшын тілін меңгереді;

 

-Биологияның кәсіби терминологиясын меңгеріп, ағылшын тілінде биологияны оқыта біледі;

 

-Ағыл тілінде қажетті ақпаратты табу, оны талдау, жинақтау  және қажетті акпаратты биологияны оқытуға пайдалана біледі.

 

Ағылшын тілінде оқыту жұмыстары дамытылуда. Әліде бірқатар олқылықтардың бар екенін ескеріп,   келешекте осы мәселені шешуге арналған нақты іс- шаралар  жүргізілу  үшін   мынадай ұсыныстар береміз:

 

  1. Студенттердің білімдерін жетілдіру, сөздік қорын сөздіктермен байыту  мақсатында жүргізілетін барлық пәндерден терминологиялық сөздіктер дайындау;

 

  1. Ағылшын тілінде оқыту құралдарының аз болуына байланысты, барлық пәндерден зертханалық және практикалық сабақтарға арналған оқу-әдістемелік құралдар дайындау;

 

  1. Дайындалған оқу және әдістемелік құралдармен кітапхана қорын байытып, білім алушылардың кең пайданауына қол жеткізу;

 

  1. Оқытушыларды дайындық курстарына жүйелі түрде жіберуді ұйымдастырып, біліктілікті арттыру жұмыстарын жалғастыру.

 

Қорыта келе, жаратылыстану пәндерін оның ішінде биологияны ағылшын тілінде оқыту жаңа мағлұматтарға жол ашады. Білім алушы жастар заман көшімен бірге   алға жүріп, білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті білікті мамандар қалыптасады.