Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері

 

 

Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сыныбы:   10

Сабақтың тақырыбы Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.
Мақсаты Ұлттық буржуазиялық-демократиялық революция жеңісінің  нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекеттерге (Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Польша) сипаттама беріп, 1918 жылдан 1923 жылға дейінгі  кезеңдегі экономикалық және саяси құрылымдық өзгерістерді ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже Осы елдердің экономикалық және саяси  дамуының ерекшеліктерін нақты факторлармен салыстырып талдайды, қорытынды жасайды.
Сабақтың әдісі Оқытудың жаңа тәсілдері және сыни тұрғыдан ойлау әдістерін сабақ барысында қолдану.
Тапсырмалар  Сұрақ –жауап, хронологиялық кестелер
Құрал-жабдықтар Оқулық, дидактикалық материалдар, Карталар
Сабақтың барысы:

І. Кіріспе        ІІ. Негізгі бөлім       ІІІ. Қорытынды бағалау.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт

 

 

 

 

Кіріспе

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасы:  Менен сурақ , сенен жауап әдісі арқылы сұрау.

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қоя отырып, оқушылардың тақырыпты қай дәрежеде меңгергенін анықтау.

1.  Испаниядағы азамат соғысы қай жылдары болып өтті?

2.    Бұл соғыста Испанияның жеңілуіне қандай себептер болды?

3.    Фашистік топтардың өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.

4.    Италия мен Испания фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар

5.    Азамат соғысының Испания мемлекетіне тигізген зардабы қандай болды?

 

Сұрақ-жауап арқылы назарын сабаққа аудару.

 

Үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

3 минут

 

 

5 минут

 

 

 

Негізгі бөлім

«Ой қозғау».

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты ашу.

 

1-тапсырма. Мәтінмен танысу.

1.  Жаңа мемлекеттердің пайда болуы.

2. Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси өмірі (Австрия, Венгрия, Чехословакия, Польша, Югославия,  Болгария).

 

2-тапсырма. Кестемен жұмыс.

 

Жылдар Негізгі оқиғалар
  1918 жылғы 12 қарашада Австрия республика болып жарияланды.
  1918 жылғы 14 қарашада Чехословакия Республикасы құрылды.
  1918 жылы қарашада Польша халықтық Республикасы  жарияланды
  1929 жылы СХС корольдігі Югославия корольдігі деп өзгертілді.
  1938 жылғы 12 наурызда Австрия «Герман мемлекеті» болып өзгертілді
  1939 жылғы қаңтарда Венгрия «Антикоминтерндік пактіге» қосылды.
  1939 жылғы 15 наурызда Чехословакия өмір сүруін тоқтатты.
  1939 жылғы 1 қыркүйекте Гитлерлік Германия Польшаға қарсы соғыс ашты.
Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар тақырыпты жазып алады.

 

Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Сұрақтарға жауап береді.

 

Тақырыппен таныса отырып ойланады, талқылайды.

 

Хронологиялық кестені дәптерлеріне орындайды.

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

Қорытынды

 

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

 

Кім жылдам? Тақырыппен таныса отырып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап табу.

1. Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?

2.Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?

3.Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

 

Оқушыларға  сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.  

6минут

Рефлексия Білім қоржыны   3 мин
Бағалау Критерий бойынша  бағалау, жиынтық бағалау.   1 минут
Үй тапсырмасы § 11 оқып келу. Күнделіктеріне жазып алу.  2 минут