Білім биатлоны

Тақырыбы:«Білім биатлоны»

Мақсаты:

Қажетті құралдар: қызыл, көк кішкентай доптар бала санына сай, қызыл, көк орамалдар,

Ұоқ ұраны:

Үш тілдікті қолданып,

амандасып алайық

Армысыздар-здраствуйте- hello

 

Лапылдап жанған баламыз

Ақбота тобынан боламыз

Жарыс десе әрқашан

Алдыға тек ұмтылған

Бүлдіршіндер біз едік

Талай жарыс сыңдардан

Сүрінбей өтіп жеңгенбіз.

 

Мадина: Қане қандай сайыстан

Жеңімпаз болып келдіңдер

Атап бізге беріңдер!

 

Мәнерлеп оқып өлеңді

Елбасы, Тәуелсіздік күнінде

Жігерленіп, шыңдалып,

Дана Абай атам оқуларына қатысып,

бақшалардың ішінен

намысты қолдан бермей біз,

Екінші орын иеленіп,

15-тің атын шығардық.

 

Ұстаздардың қолдауымен

Үйірмеге қатысып,

Жетекшіміз Галямен

Талай жеңіс кубокты

Қанжығаға байладық.

 

Жаңа технологияны меңгеру

Қазіргі заман талабы

Компьютермен ғаламтор

Нағыз біздің заманымыз!

 

Осыларды дәлелдеп,

Көрсетейік биатлон деген жарыспен,

Қызыл, көк болып топ құрып,

Кәне достар тұрмайық

Жарысымызды бастайық па? Бастайық

Білімімізді шыңдайық

Білім биатлонында

Өзімізді дәлелдеп біз берейік пе? берейік

 

Екі топқа бөлініп алдық. Ойын шартымен таныстыра кетейін. Сұраққа қай топ бірінші тетікшені басса сол топ жауап береді. (таяқшаны қай топ көтерсе)

Ойынымыз 4 кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа бір асықтан беріледі, көп асық жинаған топ жеңіске жетеді.

I кезең:

 

  1. Суретке қара да сөйлем құра!

Экранда сурет беріледі, сурет бойынша топ болып ақылдасып сөйлем құрау керек! Құрап болған соң, бұл суреттерді  қандай мақал-мәтелмен қорытындылауға болады?

 

  1. «Мақал-мәтелді жалғастыр»
  • Судың да сұрауы бар
  • Кітап-алтын қазына Ер қанаты -ат
  • Әкеге қарап ұл өсер,
  • шешеге қарап қыз өсер!
  • Бала тілі-бал
  • Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын!

 

Мына жануарлар қандай дыбыстан басталады? Суреттерді атап, қай дыбыстан басталатынын айтады.Сөздерді буынға бөлу. Бір сөзге сөйлем құрау. Құраған сөйлемде неше сөз бар?

 

Тілдік жаттығу (барлығы бірге)

 

  1. Тан – тан – тан,

Аң патшасы – Арыстан.

  1. Ыс – ыс – ыс,

Тарғыл түсті жолбарыс.

  1. Қыр – қыр – қыр,

Бұл көкжал қасқыр.

  1. Іл – іл – іл,

Тұмсығы ұзын піл.

  1. Кі – кі – кі,

Айлакер қу түлкі.

 

5.Сурет бойынша ертегі айт.

 Ертегіні қалай өзгертер едің? Ертегіні сахналау

 

Сергіту сәті: Альфавит

(әріптерді қолдарына алып, сергіту сәтін жасайды)

II кезең: 

  1. Тапсырма гүлдердің ішінде берілген, есептей отырып, мәнін қысқыштар арқылы белгіліп көрсет!

 

  1. луллий шеңбері

 

III кезең:  Шығармашыл баламыз!