Тәуелсіз елдің ұландары
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұландары! »
Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп , еліміздің — бас қаласы Астана жайлы әңгімелесу. Мемлекеттік рәміздер тұралы білімдерін дамыту. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім, Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу, рухани отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.
Көрнекілігі: рәміздердің суреті, шарлар, бәйтерек .
Өткізілетін орын: Топта.
Өтілу барысы: топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар,бүгін бізде ерекше күн, біз бүгін барлық өнерлерімізді біздің Президентке арнаймыз, өйткені ол біздің тұңғыш Президентіміз. 1991 жылы 1-желтоқсанда — Қазақстан Республикасының тұнғыш Президентінің күні деп жарияланды.
Тәрбиеші: Еліміздің барлық саяси,салтанатты шаралар Қазақстанның Әнұран орындалуымен басталады,біз де қазір әнұранды орындайық.
Әнұран орындалады.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Біздің елбсымыз, Президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тақпақ: Еркімен кәрі,жасымыз,
Дауыс беріп сайлаған,
Бар біздің елбасымыз,
Халық қамын ойлаған. ( Перизат )
Тәрбиеші: Балалар біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Ол елдің
аты қалай атталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тақпақ:
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді. ( Алдияр )
Тәрбиеші: Әр елдің өзінің Мемлекеттік рәміздері болады,ал біздің еліміздің
Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран.
Тақпақ: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды. ( Нуралы )
Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат,әдемі,
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі. ( Алуа)
Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.
Тақпақ: Ана тілім — ұранным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса
Болмас еді жыр, әнім. ( Алишер )
Тәрбиеші: Еліміздің Елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Тақпақ: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән
Елордасы Отанның
Мақтанышы — Астанам ( Нұрсултан )
Қорытынды: Отан деген не? Топтастыру әдісі бойынша балалар магнитті тақтаға суреттерді тауып жапсырады. Ауыл, отбасы, бауыр, дос, қала т.б.
Балалардың өнері: Ән «Астанам » ( Азиза )
Би « Қазақстан елім » әніне
Түсінді: елбасымыз туралы ,еліміздің рәміздерін құрметтеу керек екендігін
Білді: еліміздің рәміздерін
Үйренуі керек: әңгімелеп айтуды