Достық мерекесі
Тақырыбы: « Достық мерекесі »
Мақсаты: Балаларға 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымаққа, достыққа ,өз Отанын сүюге , қорғауға , көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік , ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту.Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері , шар , гүлдер .
Өткізілетін орын: Топта.
Өтілу барысы: Сұрақ – жауап , түсіндіру , ойын , тақпақ айту , топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс , дәулет бақыты үшін халықтың ,
Жайнай берсін , жайнай берсін алтын күн !
-дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған
« Достық мерекесі » атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз
Тәрбиеші: Мамырдың бірі , достық күні
Ән салып , билеген халықтың үні.
Тұтасып , тойлаған ұлттар ,
Керемет мереке , мамаырдың бірі.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Балалар біздің ұлтымыз қандай ?
Балалар: Қазақ .
Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлесеміз ?
Балалар: Қазақ тілінде .
Тәрбиеші: Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі , ұлттық киіміміз , салт-дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда баскада ұлттар тұрады. Өзбек , орыс , қырғыз , татар және тағы басқа да ұлт өкілдер тұрады.
Тәрбиеші: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру. Балалар , осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет . Олар өз елдерінде болмасада ,Қазақтардың елін-елім деп , жерін –жерім деп , құрметтеп , үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде .
Тақпақтар: Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, сарымыз,қарамыз,
Ағайынбыз бәріміз. ( Айсұлтан )
Сары,ақпыз , қарамыз,
Бәрімізде баламыз .
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз. ( Жаннұр )
Достығымыз жарасқан ,
Ақпыз ,қара , сарымыз.
Қара жер мен көк аспан ,
Ортақ дала тауымыз. ( Айдос )
Дидактикалық ойын : «Қай ұлттың бас киімі»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Тақпақтар: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз. ( Дәрмен )
Ортақ мекен жер шары ,
Төбемізде бір аспан ,
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан . ( Нурсултан )
Сұрақ – жауап : Балалар , ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсындар ?
Балалар : Шар, жалауша.
Ойын : « Достық ұшағы »
Ойын шарты: Кімнің ұшағы алысқа ұшады.
Би: «Жалауша».
Қорытындылай келе, «Әсем ән » әніне кезек бере отырып, ертеңгілікімізді аяқтаймыз.