Дені саудың – жаны сау

Тақырыбы:             « Дені саудың – жаны сау! »

Мақсаты: балалардың денсаулығын жақсарту,спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту,балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып,достыққа баулу, дене,аяқ, қол бұлшық еттерін шынықтыру,спортты сүюге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:  шарлар, түрлі-түсті жалаушалар,доптар,көлшік, бақа атрибуты .

Өткізілетін орын: Топта.

Өтілу барысы: топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер,балабақша тәрбиеленушілері, бүгінгі «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер!Егеменді еліміздің

Ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.Мерекелік сауықтыру іс-шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Балалар әнұранды орындайық.

Әнұран орындалады.

Шаттық шеңбері:

Дос болып жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша

Міне,тұрмыз жараса!

Сұрақ-жауап: 

Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық.Балалар деніміз сау болу үшін,

Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып,

күн тәртібін сақтау керек.

Олай болса тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақ: Спорт – көркі өмірдің,

Спорт-досың, серігің.

Жаттықсаң,шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың.

( Азиза )

Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.      (Інжу)

 

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың

Жиі-жиі жуынсаң

Аппақ, таза боласың.      (Алдияр)

 

Тазалықты іздесең,

Шампунь сүлгі керегі

Бірі жуып шашыңды

Бірі сүртіп береді.          (Нуралы)

 

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

(Нұрсұлтан)

Тәрбиеші:балалар  денсаулық туралы мақал-мәтелді кім айтады.

Денсаулық –зор байлық. (Айша)

Дені саудың-жаны сау. (Алишер)

Тазалық-денсаулық кепілі.  (Арай)

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.  (Нурия)

Тәрбиеші: Өте тамаша балалар!

Балалар қәне, массаж  туралы тақпақты кім айтады?

 «Денсаулық» жолымен

Әдемі ирек жолдармен

Жалаң аяқ жүреміз,

Табанға біз нүктелі

Массаж жасау білеміз

Денсаулығым керемет,

Жаттығуға рахмет.    (Інжу)

Табанды шынықтыру массажы

Таяқтарды жылжытып,

Массаж жасау білеміз.

Оң аяққа1,2,3

Сол аяққа 1,2,3       (Мирас)

Тәрбиеші: Спроттық ойынымызға кезек берейік.

Спорт – біздің досымыз,

Күш қайрат сыйлаған.

Спорт-біздің досымыз,

Өсіп күнде шыңдалған-дей отыра «Пингвиндер» ойынын ойнайық.

Ойын шарты:допты екі тізесімен ұстап жүру.

Тәрбиеші:Қалма жұрттың соңында

Қажет болса мың атта.

Аздық екен оныңда

Жету үшін мәреге – деп келесі ойынымыз «Бақалар»

Ойын шарты:бақалар шалшық судан секіріп, дауыстап,жүресімен отыра кету.

Тәрбиеші:Бәрекелді балалар өте жақсы!

Қортынды  спорттық ойнымыз «Кім жылдам» ойыны.

Ойын шарты: шашылған кішкентай допты жинау.

Құрметті әріптестер,қонақтар бүгінгі спорттық ойынымыз өз мәресіне жетті.

Жарайсыңдар балалар ! Сау болыңыздар.