Біз бақытты баламыз
Тақырыбы: « Біз бақытты баламыз! »
Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,тақпақ,өлең,әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету.Бір-бірін сыйлауға,адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: шар , гүлдер .
Өткізілетін орын: Топта.
Өтілу барысы: Сұрақ – жауап , түсіндіру , ойын , тақпақ айту , топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыңдар балалар,бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар.
Алдымен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де,армысыңдар!
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,мерекеге жиналған қонақтар,ата-аналар,балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын,
Сүйкімді періштелер сендерсің .
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да,ғарышкер де,ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсің.
1-Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қандай мерекені тойлатқалы жатырмыз ?
Балалар: 1-Маусым балалар күнін .
Тәрбиеші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндердің тақпағына берейік.
Тақпақтар: Бала,бала, баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні-бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз. ( Айсұлтан )
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз.
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз. ( Нұрдәулет )
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша. (Алдияр)
Гүлмен келсін келер күн,
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі,сәні әлемнің. (Арайлым)
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз.
Шаттық,бақыт,қуаныш
Елімізге сыйлаймыз. (Нуралы)
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз,данамыз.
Ертеңгі күн еліміздің,
Батырлары боламыз. (Нұрсұлтан)
Дидактикалық ойын : «Күн мен түн»
Ойын шарты: Балалар жартылай шеңберде тұрып , күн деген де күлімсіреу,
Түн деген де ұйықтаған тәрізді болады.Осылайша балалар іс-қимыл арқылы әрекет етеді.
Би: «Айгөлек»
Ойын : « Достық ұшағы »
Ойын шарты: Кімнің ұшағы алысқа ұшады.
Тәрбиеші: Көк жиектен күлімдеп ,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім-деп,
Анаң сені оятты-
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Балалар әрқашанда аспанымызда күннің шуағы төгіліп, күлімдеп тұрсын
жерге күннің суретін бормен салады.
Тәрбиеші:Осымен «Біз бақытты баламыз » атты мерекелік іс-шарамыз
аяқталды.