Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Тақырыбы:             « Біз Жеңістің ұрпақтарымыз »

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке ,Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Оларға патриоттық тәрбие беру.Балаларды Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерлік істерімен,таныстырып ,ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге,оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Батырлардың  суреттері , шар , гүлдер .

Өткізілетін орын: Топта.

Өтілу барысы:  Сұрақ – жауап , түсіндіру , ойын , тақпақ айту , топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар ,тәрбиешілер,балалар !Отанды қорғау Жеңіс күніне арналған « Біз Жеңістің ұрпақтарымыз ! » атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер !

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы қай ғасырды, қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут ,

Есіне алмақ сол бір апат қайғаны.

Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза қан жауынгерлер рухына тағзым етіп , 1- минут үнсіз тұрып есімізге алайық.

Бір минут үнсіздік.

1941 жылы 22-маусымда  фашистік Германия  елімізге басып келді. Сол кездегі Кеңістік елдің бірлігі мен достығының арасыннда 1945 жылы 9 – мамырда сұрапыл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды .

Балалар , сұрапыл соғыста көптеген жауынгерлеріміз жан қиярлық ерлік көрсетті. Солардың ішінде Қасым Қайсенов , Талғат Бигелдинов , Әлия Молдағұлова ,Мәншүк Мәметова , Бауыржан Момышұлы ,Ражымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымыздың  жасаған ерліктеріне құрметпен бас иеміз .

Сұрақ-жауап: 

Тәрбиеші: Балалар, 9-мамыр қандай мейрам ?

Балалар: Ұлы Жеңіс күні.           

Тәрбиеші: Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың есімдерін білеміз бе ?

Балалар: Қасым Қайсенов , Талғат Бигелдинов , Әлия Молдағұлова ,Мәншүк Мәметова , Бауыржан Момышұлы ,Ражымжан Қошқарбаев .

 

Тәрбиеші: Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік .

Тақпақтар:    Біздер үшін жанын қиған ,

Бас иеміз жандарға .

Атақ-даңқын жеткіземіз,

Ертеңгі атар таңдарға.           ( Айсұлтан )

 

Жеңіс келді далама ,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп ,

Елдегі бар балаға.                 ( Жаннұр )

 

Жеңіс күні құтты болсын ,

Құтты болсын аталар !

Ұмытпайды ешқашанда ,

Жауынгерді балалар.            ( Дәрмен )

 

 

 

 

Ерліктерін мәңгі ұмытпай ,

Есте сақтап жүреміз.

Есімдерін көше , мектеп,

Атауынан білеміз.                 ( Нурдәулет )

 

Батырларға әр қалада,

Ескерткіштер орнады.

Орындалды ел жаңара ,

Ардагерлер арманы.                ( Нурсұлтан )

 

Тәрбиеші:  Көрніс — « Жаралыға көмек »  

Шарты: жаралы сарбазды жарасын тану.  

Би: «Катюша»  

Ойын: «Кеңгуру» 

Ойын шарты:  Екі баладан ортаға шығып алдарына алжапқыш тағып ,ұсақ екі допты бір беттен екінші бетке қос аяқтап секіріп себетке салады. Ойын осылайша балалар  кезек-кезек  жалғастырады.

Тәрбиеші : Балалар , бәріміз хормен тақпағымызды айтып жіберейік.

Елге қауіп төнбесін,

Халқым өсіп өрлесін.

Есен-аман болайық,

Енді соғыс келмесін.

(Шарларға қағаздан жасалған көгершіндерді жапсырып ұшыру).

« Әрқашан  күн сөнбесін » әні орындалады.

Тәрбиеші:   Міне, бүлдіршіндеріміздің елін құрметтеуге , патриоттық сезімін ояту мақсатындағы өткізілген тәрбиелік шарамыз осымен аяқталды.