Алматы

Алматы

Алматы – еліміздегі жер көлемі мен тұрғын саны бойынша ең ірі қала. Алматы 60 жылдан астан уақыт бойы Қазақстанның астанасы болды. Ол Іле Алатауының етегінде орналасқан. Алматы бау – бақшалы қала. Ол жасыл желекке бөленген. Қалада театр, мұражай, кітапхана көп. Қазақстанның бірінші университетінің негізі Алматыда қаланған. «Медеу» мұзайдыны мен «Мыңбұлақ» таушаңғы шипажайы Қазақстандықтар мен қала қонақтарының сүйікті орыны.