«Қош келдің, төрлет Наурызым» атты ертеңгілік

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып.

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.

Той құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Армысыздар құрметті қонақтар наурыз мерекесіне арналған  «Қош келдің, төрлет Наурызым» атты ертеңгілігімізді көруге қош келдіңіздер.Сіздерді ұлыстың ұлы күні жыл басы-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Жыл басы Наурыз баршамызға жаңа бақыт,жаңа табыс, денсаулық әкелсін.

Құттықтау сөзі «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі: Жұмабаева Гүлзада Қанаткерейқызына беріледі.

Жиналдық наурыз тойға бәрімізде,

Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде

Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

Өнерден інжу маржан шашайық – деп бүгінгі ертеңгілігімізді «Ақкөгершін»тобының бүлдіршіндерінін тақпақтарымен жалғастырайық.

Монтаж «Ақкөгершін»тобының

Наурыз тойы-мерекесі ұлтымның,

Берекелі,ырысы мен құтымның.

Тәуелсіздік думанымен бірге келген,

Ұлы күні,Ұлыс күні жұртымның-деп көктем мен жаңа күн Наурыз мерекесі кеңінен атап өту дәстүрі еліміздің тәуелсіздігіміздің арқасында қайта оралды.Игіліктің жаңаруы мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халықтық мерекенің қазір үлкен мәні бар.

«Ақкөгершін»тобының бүлдіршіндері би қазақ биі.

Наурыз мерекесін тамашалаңыз,

Қашанда құт береке арасында

Ал, келіңдер қонақтар!

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырды бастайық.

«Әжемнің шайы» «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері.

Міне, осылай жаңа жыл

Тойланады халықта.

Шақырайық бишіні

Би билесін қалықтап!

Би «Ақбота» тобының «Жігіттер»биін қарсы алыныздар.

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау ,мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош, сау болыңыздар, халайық!

Көріскенше күн жақсы болсын!

Осымен Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, төрлет Наурызым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!Келесі Наурызға амандықпен жетейік.