Менің интернетсіз бір күнім!

Менің интернетсіз бір күнім!

Мен интернетсіз күнімді жақсы өткіздім. Мен өзім домбыра тартқанды жақсы көремін. Бос уақытымды көбіне сүйікті ісіме арнаймын. Анама көмектесемін, әдеби кітаптар оқимын. Мен интернет желісін мүлдем қолданбаймын десемде болады.

Менің жасымдағы қатарластарыма ұялы телефон ұстау әлі ерте деп ойлаймын. Оның денсаулыққа келтірер зияны орасан зор. Ең алдымен көзімізге зиян. Көзіміздің нашар көруіне әсері күшті.

Достарыма айтарым, интернет желісін аз пайдаланып, алтын уақытымызды кітап оқып, өз сүйікті істеріңмен айналысып, отбасыларыңмен көбірек уақыт өткізіңдер дегім келеді.