Менің интернетсіз бір күнім!

Менің интернетсіз бір күнім!

Біз өмір сүріп жатқан қоғамды интернетсіз өткізу мүмкін емес сияқты. Қазіргі уақытта менің қатарластарым әлеуметтік желіні көп пайдаланады. Пайдалану барысында ғаламтордағы қауіпсіздікті ескере бермейтіндері көп.

Өзге сыныптастарым секілді менде бір күнімді интернетсіз өткіздім. Сабағымды уақытылы оқыдым. Отбасымызбен отырып сурет альбомын ақтарып, қызықты сәттерді еске алдық. Өз отбасыммен әңгімелескен маған өте қатты ұнады. Кешкісін әдеби кітап оқып шықтым. Ештеңеге елеңдеместен менің бір күндік уақытым өтті.

Болашаққа уақытымды ғаламтор желісіне емес, кітап оқып, отбасыммен серуенге арнаймын деп шештім.