«Біз шыныққан балдырған» (спорттық ойын-сауық жарыс)
Тақырыбы: «Біз шыныққан балдырған» (спорттық ойын-сауық жарыс)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: кішкене және үлкен доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Гүлдене бер, Қазақстан», «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын-сауығымызды бастамас бұрын әділ-қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша әдіскері: Кирбасова Н.М
2. Балабақша медбикесі: Салыкова Динара
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Тұлпар» және «Қыран» топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді.
Әділқазылар алқасын сайлап аламыз.
- балабақша әдіскері Кирбасова Н.М
- Тәрбиеші: Хайратбай Г
- Медбике: Салыкова Д
Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін:
- «Көңілді шарлар» ойыны.
2. «Кегли» ойыны.
3. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
— Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз.
1-ші кезең. «Көңілді шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, жол бойынан, арасымен өтіп, межені айналып,
қайтарда жүгіп келу.
– Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2-кезең. Келесі ойынымыз «Кегли». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан кеглилерді, қолдарымыздағы кішкентай доптарды кеглиге лақырып, оларды құлату.
-Өте тамаша балалар!
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
3-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: малдас құрып отыру, жаттығу түрлерін жасап көрсету.
-Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңдер.
Осымен «Біз шыныққан балдырған» атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды.. Басымыз аман, бауырымыз бүтін, еліміз тыныш болсын!