Астанам менің!

Астанам менің!

Астанам менің, Астанам,

Сен барда кімнен жасқанам?!

Мен үшін мына әлемде

Еш қала сенен аспаған.

 

Күн сайын көркің жайнаған,

Жап – жасыл орман айналаң.

Шалқыды көкте байрағың,

Желбіреп желмен ойнаған.

 

Жасай бер, алтын Астанам!

Сен барда кімнен жасқанам?!

Береке, бірлік ордасы

Бақытқа бізді бастаған.