Әз-Наурызым келгенде

Алтынбек Асылзат

Ақтөбе қаласы, Қызылжар ауылы

№73 ЖББОМ  4 «А» класс оқушысы

 

Әз-Наурызым келгенде

 

Наурыз айы – мереке,

Жылы жақтан құс келер.

Наурыз тойы келді деп,

Ән салады шөжелер.

Бу бұрқырап әр үйде,

Пісіп жатыр көжелер.

Киіз басып, жүн түтер,

Ақ жаулықты әжелер.

Ұлдарымыз ержеткен,

Күш сынасып сайысар.

Қыздарымыз бойжеткен,

Кесте тігіп майысар.

Ағайын туыс көп күткен,

Қауышып құшақ жайысар.