Менің мықты жақтарым тренингі

Менің мықты жақтарым тренингі

Мақсаты: Өзінің мықты жақтарын анықтай отырып, өзіне жағымды қатынас қалыптастыру. Ішкі тұрақтылық пен өзіне деген сенімділікті арттыру.
Мазмұны: Қатысушыларға өздерінің мықты жақтарын айту нұсқауы беріледі. Сол жақсы жағы қай кезде көмектеседі, не үшін сол қасиетті мықты қасиеттер қатарына жатқызып отырғанын айту қажет. Тек оны сенімді етіп айту керек, мынадай сөздер қоспау сұралады: бірақ…, егер…, мүмкін….
Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.