« Тәуелсіздік тірегім! »

З

 

 

 

 

Бекітемін:

«Үржар аудандық әкімдігінің Балдырған

балабақшасы»  КМҚК-нің

меңгерушісі:                       Ш.Т.Мешелова.

 

 

 

 

 

« Тәуелсіздік тірегім! »

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілер:             Б.И.Кымбатова.

М.Т.Юсупова.

 

 

 

 

2018-2019

Тақырыбы:             «Тәуелсіздік тірегім!»

Мақсаты: балалардың бойында Қазақстанның өткені мен  бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.Тәуелсіздік күні туралы терең мағлумат беру.Тәуелсіздік үшін күрескен ,желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарын ерлігі жайында түсіндіру.

Көрнекілігі: Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, желтоқсан құрбандарының суреті, жалаушалар.

Өткізілетін орын: Топта.

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және бүлдіршіндер! Жауқазын тобындағы  «Тәуелсіздік тірегім» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Әнұран орындалады.

1986 жылғы болған оқиғаны Желтоқсан құрбандарына арналған 1 минут үнсіздік жариалайық.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы,

Кей пенденің жетпей кеткен арманы,

Ал,еліміз кеңге жайған құшағын,

Жарқырайды әр түрлі ұлт маңдайы,

Елін сүйген, ұлы дала тұлғалар,

Елдік үшін азапқа да шырмалар.

Ұрпағының бақытты үшін күрескен

Алыптардың еңбегінде жырланар.

 

 

Тәрбиеші: Осы қазақ жерінің болашағы үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлов, Ербол Спатайұлы,

Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанованың  аттарын айтпай кетуге болмас.Қазақ елі тәуелсіздігін алды.Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезендерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.Ал,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.16-желтоқсан қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.Сондықтан да бүкілхалықтық мереке.

Тәрбиеші: Міне,балалар,бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет.Біздің еліміздің туымыз, елтаңбамыз,әнұранымыз бар.Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар.Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы,тірегі сендер боласыңдар.(балалар тақпақтарын айтады)

Тақпақтар: Қайраттай қайсар ұлдарың,

Жанымен келген еркіндік.

Жазира мен Лаззаттың

Арымен келген еркіндік.

Қасіретпен қайғының,

Бәрімен келген еркіндік.    (Альмира)

Он алтыншы желтоқсан ,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.           (А.Нұрай)

 

 

 

 

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.         (Алдияр)

 

Сұрақ-жауап:                     

Тәрбиеші: Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Қазақстанда.

Тақпақ: Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.    (Алишер)

Тәрбиеші: Әр елдің өз Президенті бар.

Тәрбиеші: Біздің еліміздің Президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тақпақ:    Еркімен кәрі жасымыз,

Дауыс беріп сайлаған.

Бар біздің елбасымыз,

Халық қамын ойлаған.                          ( Перизат )

Енді міне,біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әр қашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуға да құрбандық.         ( Дәрмен)

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдерме?

Балалар:  Ту,Елтаңба,Әнұран.

 

Тақпақ:     Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.     (Нуралы)

 

 

Отан-туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз.    ( Нұрсұлтан )

Тәрбиеші: Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар:   Астана.

Тәрбиеші:                    

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышы –Астана!      (слайд арқылы таныстыру.)

Тәрбиеші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Тәуелсіздік тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық

Балалар Егеменді ел болдық  өзіміздің салт дәстүріміз ,ұлттық ойындарымыз бар.Олай болса ойын ойнайық.

«Асық ату» ойыны

Мақсаты: Балаларды ептілікке,жылдамдыққа,мергендікке тәрбиелеу.

 

Қортындылай  келе  « Біз бақытты баламыз » әніне кезек береміз.

Балдай тәтті балалармыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасып бәріміз,

Жарасады сәніміз

Көріскенше күн жақсы! ( Балалар қайталап айтады ).