Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Ақторғын Серікқызы

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 3А класс оқушысы.

 

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарттар әр үйдің шаңырағының ақылшысы, жанашыры, ұйытқысы. Қарт адамның сөзін тыңдасақ өмірде қателеспей жүруге болады екен. Қарт адамды халқымыз құрметтеп төріне отырғызған. Сол кісілердің алдын кеспей, алдарына барып бата алған.

Менің үйде атам бар. Атам үнемі маған ақылын айтып, ертегілер айтып отырады. Мен атамды жақсы көремін. Отбасындағы қарттарымыз аман болып, шаңырағымыздың ақылшысы болып жүре берсін демекпін.