Жас мұғалімдерге кеңес

 

Жас мұғалімдерге кеңес.

 

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын… алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және ар-намысын ардақтайтын, жақынына да, жатына да әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Ұстаздық мінез-құлық сипаттары мынадай болуға тиіс: оның ділі тым қатты да болмау, сондай-ақырыққа да тез жығыла бермеуі керек. өйткені тым қаттылық шәкіртті өз ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен біліміне шәкірттері салқын қарайтұғын болады. Ұстаз өз тарапынан қашанда барынша ынталылық пен табандылық көрсетуі керек өйткені бұлар-құдды жұрт айтатын,тамшысымен тас тесетін су сияқты.» Әл-Фараби

Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезіндегі сөзінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет өте ауыр»

Дамыған елдің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш факторлардан тұрады. Олар мыналар:

  1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру;
  2. Білімнің деңгейін көтеру;
  3. Мамандардың кәсіби білімі мен білігі;

Әлемдік  үрдістерден әр мемлекет тыс қала алмайды, негізі ғаламдық даму зандылықтарына бағынуға мәжбүр болады, себебі, ешбір мемлекет жабық күйде өмір сүре алмайды. Өркениет дамуынан сонында қалмау үшін әр мемлекетке жаңа өзгерістер керек. Осыған орай, болашаққа деген талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр.

Қазіргі таңда «Ғаламтор» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьтерленіп жатыр. Ендеше, сол компьтерлерде балалар тек ойын ойнап, жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламаларменгеріп, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынса, «Нұр үстіне, нұр болар еді». Білімді , саналы ұрпақты шығару сабақ сапасынан орын алады. Сабақ дегеніміз-оқытуды ұйымдастырудың басты формасы болып табылады, оқушы мен мұғалім және ата-аналармен қарым-қатынасын ұйымдастыратын форма.

Енді, ұстаздық әдеп-ұғымына келетін болсақ, мұғалім-мектептің жүрегі дей келе, мұғалімнің көркі, әдет ғұрпы көркіне сай болуы қажет. Ұстазға тән мейірімділігі, парасаттылығы, өз пәніне деген сүйіспеншілігімен оқушыларға дарытатын қасиеті мол болса, осы мұғалім өз ісінін нағыз маманы болады деген ұгымдамын. «Жақсы мұғалім-маған әр уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» деп ағартушы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі- жақсы, білімді мұғалім. Мектепке жаңадан келген әрбір жас мұғалім ең алдымен өзіне жүктелген  жұмыстың сипатымен таныспай тұрып, мектеп ұжымымен, ондағы қызметкерлердің жұмыс тәжірбиелерімен және  ең негізгі мектеп қай бағытта жұмыс жасайтының біліп алуы қажет, және де әрбір жас маманға мектеп әдіскері тәлімгер бекітіп сол мұғалімдермен жеке –жеке кез келген жұмыста қол ұшын беретін ұстаздар бөлінуі керек. Білім   берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдаудын қажет етеді. Кез келген мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету үшін жан-жақты, ұйымшыл, іздемпаз жане сауатты болуы керек. Себебі , адам өзі білмегенін немесе толық түсінбегенін біреуге айтып жеткізуі мүмкін емес нәрсе. Сондықтан « Жас мамандар» сіздерге айтып жеткізерім:

1-ден, әрбір берілген тапсырманы жауапкершілікпен, тиянақты жасауға өзінізді дағдыландырыңыз;

2-ден, өзінізді жан-жақты көрсете біліңіз

3-ден уақытты босқа өткізбей, осы кезден уақытынызды пайдалана біліңіздер және т.б.

Қорытындылай келе құрметті әріптестер, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Өзінің шәкіртіне еңбектен зор қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңққа бөлеуге тиіс» белгілі педагог Э. Хеббардтың сөзімен отырысымызды аяқтағым келеді.