ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ДЕМЧИНОВ К.К. жоғары санатты география және биология мұғалімі                                                                                                                                  Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

 

Қазақстан  ғажайып табиғатын құрайтын экологиялық компоненттері мен физикалық-географиялық жағдайына  байланысты өзіндік ерекшеліктеріне ие болған жеке табиғи кешен ретінде қарастырылады. Әсіресе, биологиялық ресурстары жағынан өте бай Қазақстанның Алтай аймағындағы Катонқарағай ауданы республикамыздың өз тұрғындары ғана емес, алыс  және жақын шетелдерден келген меймандарды да қызықтырып келеді.

Аймақтың қоңыржай климаттық белдеуде орналасуы, жылдың 4 маусымдық мезгілдерінің өте дәлдікпен өзгеріп отыруы оның Азия континентіндегі жер кіндігі іспеттес екені географиялық картада айқын көрініс беруде.Геофизикалық тұрғыдан  баға беретін болсақ ,жердің төрт құбыласына бірдей қараған  Алтайға ғарыштан келетін энергия көбірек таралатын көрінеді. Оның үстіне галактиканың астрономиялық заңдылықтарына байланысты, Алтайдың  Қазақстандық территориясындағы  атмосфералық қабат Жердің басқа бұрыштарына қарағанда ғарышқа жақынырақ орналасқанын астрофизиктер дәлелдеп отыр.Осындай дүниенің төрт бұрышына келетін ғарыштық энергияның басым бөлігі  таралған аймақтың табиғатының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері  бар екеніне енді  иланбасқа болмайды. Алтай жерінің осындай жерұйығы бар екені жөніндегі болжамды тұңғыш рет орыс философы  Н.Рерих айтқан болатын.[6] Айтса айтқандай энергиясы  мол мамыражай  климатты, сулы да нулы өңірдің тірі табиғатына да қуат дарыған. Осы  жағдайларды  ескере отырып  өлкенің физиотерапиялық ресурстарын, экология  және экономика  салаларындағы заң талаптарын  қатаң сақтау арқылы  жоспарлы түрде толығымен ең алдымен  өз  халқымыздың  денсаулығын  нығайтуға  пайдаланса, сонан  кейін  еліміздің  экономикасына  тиімді  қаржы  түсіретін медициналық  және  фармакологиялық  кластерлерді дамыту  мүмкіндіктері туады.Алтай, атына заты сай эндемикалық өсімдіктердің өрнегімен зерделенген, қайталанбас ғажайып жануарлары шыңдар мен төскейінде мекендеген, киелі сақ бабаларымыз иелік еткен құт береке қонған мекен. Әлемге әйгілі болған ғұн мен сақтардың өркениеті, олар мекендеген табиғатпен етене жақын, тікелей байланысты болғанын археологиялық зерттеу дәлелдеді.

«Физиотерапия» термині «табиғатпен емдеу» деген мағынаны білдіреді.Яғни медицинада сауықтыру үшін табиғи (физикалық) факторларды қолдану деп түсінеміз. Ондай сауықтыру факторларына: электр энергиясы, жарық, ультрадыбыс пен магниттік энергия, су және жылумен емдеу процедуралары жатады.Сондай-ақ физиотерапиялық тәсілдерге ароматерапия (гүлдер мен ағаштардың бөлетін  фитонцидтерінің хош иістерін) және музыка әуендері мен құстардың сайрайтын әуездерін пайдалану арқылы емдеу түрлерін жатқызуға болады.Курортты аймақтарда табиғи факторлармен емдеу үшін  терренкур(биік таудың таза ауасы мен теңізден соғатын желді),гелиотерапия (күннің сәулесін) теңіз суы мен минералды шипалы батпақтарды, родонмен байытылған геотермальді бұлақтардың көздерін пайдаланады. Табиғи факторлардың ішінде кеңінен қолданылып келе жатқандары фитотерапия мен зоотерапия. Бұл әдістер тікелей тірі организмдермен байланысты болғандықтан, олардың ағзаларындағы бейорганикалық және органикалық заттардың құрамы зерттелгеннен кейін шипалық ресурстар ретінде пайдаланылады.Экологиялық тұрғыдан баға берсек, өсімдіктер мен  жануарлардың ағзаларының құрамындағы заттар, әсіресе микроэлементтер олар мекендейтін табиғи ортаның табиғатына байланысты.Бастапқы тарауда аталып кеткендей, Алтай жалпы ғарыштық энергияның тоғысқан жері болғандықтан, оның табиғат компоненттерінің барлығы дерлік жоғарғы энергиялы болатыны сөзсіз. Ендеше оның топырақ жамылғысы мен гидрографиялық  компоненттері энергетикалық жағынан өте бай екені белгілі.Биік тау мұздықтарынан бастау алатын өзендердің шипалық қасиеттері жоғары болады. Өйткені тау өзендері интенсивті түрде тау жыныстарының құрамындағы зарядталған энергияны сіңіріп арнайы оптимальді тригидрольді құрамаға айналады. Физикалық-химиялық зерттеулердің нәтижелеріне жүгінсек еріген су қатты күйден сұйық күйге айналған кезде ақпараттық және энергетикалық жағынан тазарып шипалық қасиеттерге ие болады. Аймағымыздағы осындай құнары мол топырақ пен қуатты судан нәр алған өсімдіктер мен жануарлардың  ағзаларындағы кездесетін биологиялық белсенді  (пәрменді) заттар мен микроэлементтердің энергетикалық құндылықтары, жердің басқа аймақтарына қарағанда өзіндік ерекше сипат алады. Міне, сондықтан Қазақстандық Алтайдың физиотерапиялық ресурстарына сұраныс көбірек. Аймақтағы рыноктарда, Алтайдың балы, Алтайдың маралының пантокрині, Алтайдың дәрілік өсімдіктері деген ерекше бағалануды жиі естуге болады. Қазіргі кезде аймақта физиотерапиялық ресурстарды тиімді  пайдалану мүмкіндігі  бар екенін зерттеулер көрсетті. Табиғи  факторлармен   емдеудің түрлерініңбірі-зоотерапия.Зоотерапия біріншіден -жануарларды спорттық және эстетикалық бағытта емдеуге пайдалану болса, екіншіден-олардың ағзаларынан алынатын биологиялық белсенді заттарды емдік препараттар жасау үшін фармакологиялық шикізат ретінде қолдану болып отыр. Аймақ тұрғындары зоотерапияның кейбір бағыттарын  бұрыннан бері пайдаланып келеді-                                                                                                                           . Қазірде кешенді түрде дамыту үшін, аймақтың экономикалық мәселесін шешетін инвестицияны көптеп тарту көзделген.Аймақтағы табиғи емдік ресурстарды үнемдей отырып кешенді түрде, толық мүмкіндігімен пайдаланып туристік-физиотерапиялық кластерді дамытуға жағдай барына дәлел табылып отыр. Енді Қазақстандық Алтай аймағында зоотерапиялық  қандай мүмкіндіктердің бар екеніне баға беріп көрелік.

 

 

 

 

 

1-сызба- Қазақстандық Алтай аймағында зоотерапиялық  ресурстардың жіктелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыланның уы. Көне заманнан бері медицина саласында кеңінен қолданылып келе жатқан табиғи ем-дәрілердің ішінде ең танымалы жыланның уы, терісі және еті.  Жылан уынан жасалған дәрілік препараттармен буын мен сүйек ауруларын, терісі мен етінен жасалған дәрілермен ішек-қарын  және тыныс жолдары ауруларын емдеген. Халық медицинасында, жылан ағзасынан алынған препараттарды жиі қолдануда. Қазақстандық Алтайда кездесетін улы жыландардың бірі – сұржылан. Аймақтағы фаунада ол сирек кездеседі. Өкінішке орай, жыланды осы мақсатқа пайдаланудан немесе оның улылығына қарап зиянды деп түсінгеннен аяусыз қыруға байланысты көпшілік түрлері жойылуда. Соңғы кездерде улы жыландарды арнайы тәлімбақтарда(питомниктерде) құнды медициналық препараттар мен вакциналар алатын донорлық жануарлар ретінде өсіріп баптайды. [1]

.

Аюдың медицинадағы маңызы. Қазақстандық Алтайдың таулы аймақтарында мекендейтін кәсіптік маңызы бар ірі сүтқоректілердің бірі – қоңыр аю. Оның салмағы 250 кг, денесінің ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Жаз бойы өсімдіктердің түрлі мүшелерін: тамырын, жапыраған, әсіресе жемісін қорек етеді. Сирек болсын жануарлар текті қорекпен қоректенеді, сондай-ақ  омарта шаруашылығы дамыған жерлерде оларға тұтқиылдан  келіп бал өнімдерін,сирек жағдайларда ірі илеулерді бұзып, құмырсқаларды сүйсініп жейді. Қысқы ұйқыға кетер алдында ағзасында қалың май қорын жинайды. Аю ағзасынан аңшы кәсіпкерлер майы мен өтін алады. Бұл өнімдер халық медицинасында, әсіресе майы асқазан, тыныс жолдарының қабынуы мен түрлі сүйек пен буын ауруларына пайдаланылса, өті тері, буын, асқорыту мүшелерінің ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады.[3]

Құдырдың кәсіптік және медициналық маңызы. Алтай тауының самырсынды мүкті ормандарында  мекендейтін бұғы тұқымдастарының ең кішкентай түрі- құдыр.  Денесінің  тұрқы 85-100 см болса, биіктігі небары 70 см жетеді.  Басқа бұғы тұқымдастарынан тағы бір айырмашылығы мүйізі жоқ, бірақ аталықтарының үстіңгі жақ сүйектерінде орналасқан ұзындығы 7 см жуық иілген қос азу тістері болады. Кәсіптік мақсатта құдырды жұмсақ замш былғары жасайтын терісі,  дәмді нәзік еті және парфюмерия өнеркәсібінде әтір жасайтын аталықтарының мускус бездерін өндіру үшін аулап пайдаланады. Биохимиялық зерттеудің нәтижесінде құдырдың аталықтарынан алынатын «мускус» деп аталатын бездерінде биологиялық белсенді қоңыр түсті түйіршікті заттардың бар екені анықталды. Бұл заттардың құрамы да айтарлықтай күрделі болып шықты. Гормональді пәрменді қосылыстардың ішінде макроциклді кетондар тобы болатын өзіндік хош иісті ақуыз, май, холестерин, түрлі тұздар кездесетіндігі дәлелденді. Халық медицинасында құдырдың аталықтарынан алынатын мускусты дәрі ретінде жүйке жүйесінің аурулары мен белсіздікті емдеу үшін пайдаланылады. Соңғы кезде қаскерліктің салдарынан құдырдың саны күрт төмендеп кетті. Қазір ШҚО территориясында ол тек Бұқтырма өзенінің сол жақ жағалауында негізінен  Оңтүстік Алтайдадың солтүстік беткейінде, Тарбағатай, Сарымсақты және Нарым жоталарында ауқымы 30 га жердегі территорияны иемденеді. Құдырдың Қазақстандағы жалпы саны 1000-1200 дарақ екені статистика бойынша дәлелденді.Сондық құдыр да жойлу шегінде Тұрған жануар ретінде қорғау мен көбейтуді қажет ететін жануар. Көптеген елдерде құдырды арнайы фермаларда көбейтеді. Шығыс Қазақстанда таулы территорияда құдырды  жұптап (аталық және аналық) арнайы  вольерде ұстап өсіруге болады. Вольер аралығын темір торлармен бөліп жұптардың бір-біріне кедергі болдырмауы үшін жағдай жасау қажет. Оңтүстік Алтайда құдырды осындай тәсілмен көбейтуге қолайлы Сарымсақты жотасындағы таулы-тайга белдеуінде. Құдыр бәлендей көп қорек талап етпейтіндіктен оған аталмыш белдеуде өсетін эпифитті жер қынасы, қара самырсын мен балқарағай, мүкжидек, қырықжапырақ пен қырықбуын сондай-ақ мүктің қаптап өсуіне жағдай жасалуы қажет. Сондай-ақ тау бұлақтарының суы мен тұзбен қамтамасыз ету қажет.

Суыр ертеден келе жатқан пайдалы жануар. Өлкеміздегі көне заманнан келе жатқан майының шипалық қасиеті бар жануарларының бірі суыр. Денесінің ұзындығы 60 см, салмағы 8 кг жететін кемірушілердің ішіндегі ең ірі аң. Суырды аңшылық кәсіптік мақсатта терісі мен майы үшін, кейде шипалық қасиетіне байланысты еті үшін аулайды. Суырдың майын ағзасынан бөліп алғаннан кейін бірнеше рет тазартудан өткізіп тыныс жолдары қабынғанда , туберкулез дертіне шалдыққанда, асқазан мен ішек-қарын ауруларын емдегенде кеңінен қолданады.

Борсық майының шипалық маңызы. Борсық та Қазақстандық Алтайда мекендейтін ірі сүтқоректі жануарлардың өкілі. Дене тұрқы 60-90 см, салмағы 8-10 кг дейін барады. Бұл аң да қысқа қарай ұйқыға кетер алдында қалың май қорын жинап, салмағы кейде 16 кг дейін жетеді. Майының құрамында көптеген дәрумендер болатындықтан, медицинада туберкулез, іріңді жаралар мен буын сыртқаттарына пайдаланылады.

Сұртышқанның (полевка) медицинадағы пайдасы. Қазақстандық Алтайдың кемірушілер отрядына жататын өкілдерінің бірі-орман  сұртышқаны немесе жалпақ  бассүйекті сұртышқан.  Олар жылына екі рет көбейіп, 5-7 дейін балалайды. Сұртышқандар тауда өсетін 200-ге жуық өсімдіктердің әртүрлі мүшелерімен қоректенеді. Қоректік рационында аршаның, көкжидектің, тағы басқа дәрілік өсімдіктердің жемістері мен жапырақтары болғандықтан, олардан медицинада өте жоғары бағаланатын «мумие» жасап шығарады. Мумие дәстүрлі және халық медицинасында тері, асқазан ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады.

Алтайдың маралының маңызы. Марал өр Алтайдың символы болған,  қасиетті, аты аңызға айналған киелі жердің қуаты дарыған жануар. Орыс тілінде жазылған ғылыми биологиялық әдебиеттерге маралды «благородный олень» деп жазуларына қарағанда, оның шипалық қасиеті ертеректен белгілі болған сияқты. Өйткені орыстың «благородный» сөзі қазақша «мәртебелі» деп аударылса, оған  синоним болатын құрметті, қасиетті, киелі, текті деген тағы бірнеше нұсқаны мысалға келтіруге болады.  Марал Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі мен шипажайларының экономикалық дамуларына серпін берер маңызы зор жануар екені баршаға мәлім. Маралдың сүйектенбеген мүйізінің қанының құрамында биологиялық белсенді заттар-гормондар, дәрумендер, амин қышқылдары, ферменттер, антиоксиданттар, макро-микроэлементтер кездеседі.  Бұл аталған заттар адам ағзасындағы барлық мүшелеріне пайдалы биостимулятор бола алады. Сондықтан да Қазақстандық Алтай өлкесінде пантамен кешенді түрде емдеу шаралары дамып келеді.[4]

Зоотерапиялық сауықтырулардың басқа түрлері. Қазақ халқында «Ер қанаты-ат» деген нақыл сөз бар. Мінсең көлік, ішсең сусын, жесең ас болатын жылқы малы қазақ халқының негізгі төрт түлігінің бірі.  Адам ағзасын сауықтырып шынықтырудың бір жолы-иппотерапия.  Яғни атқа мініп серуендеу адамның он екі мүшесінің құрысқанын жазып, бұлшық еттерінің шынығуына зор мүмкіндік береді. Оны біз көшпенді ата-бабаларымыздың тұлпар үстінде дүниеге келген мықты жауынгер екенінен біліп келеміз.   Жылқының қымызымен туберкулез, жоғарғы тыныс жолдарының қабынулары,асқазан ауруларының кейбір түрлерін жазуға болатыны дәлелденді. Өлкедегі осы кәсіпті ары қарай дамыту мүмкіндігі де шектеусіз болып отыр.

 

Фитомедициналық реурстарды пайдаланудың болашағы

XX ғасырдың басында Қазақстанда өсімдіктерден дәрі жасауды басшылыққа алған      П.С. Массагетов болды. Ол 1924 жылы Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалық қасиетін ашты. XX-шы ғасырдың 70-ші жылдары қазақстандық ғалымдар науқастарды емдеуге халық медицинасы, оның ішінде фитомедициналық әдістерді қолдану туралы  зерттеулер жүргізіп, республикамызда кездесетін дәрілік өсімдіктер туралы еңбектер жазды. Олардың қатарында 1982 жылы «Дәрілік өсімдіктер» атты кітап жазған ерлі-зайыпты Қожабеков М, Қожабекова Г. қосқан үлестері зор. Қазақстандық Алтайдағы бай реликті және эндемикалық өсімдіктерді әр түрлі фитомедициналық мақсатта пайдалануға мүмкіндік бар. Ол төмендегі сызбада жіктеліп көрсетілген.

2-сызба- Қазақстандық Алтай аймағында фитотерапиялық  ресурстардың жіктелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШҚО флорасында өсетін түрлі фитонцидтер бөлетін қарағай, шырша, самырсын, балқарағай сияқты қылқан жапырақты ағаштар мен арша сияқты мәңгі жасыл бұталар өсетін аймақтарда арнайы демалыс және сауықтыру орындарын жобалап, арасына аптекарлық огородтарды ұйымдастырып, Қазақстандық Алтайда  кездесетін түрлі дәрілік өсімдіктерді  отырғызып, қолдану тиімді. Оларға төмендегі өсімдіктерді пайдалануға болды.                                                                                                                           

Алтын тамыр. Оңтүстік Алтайда 1200-1600 метр биіктікте сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.ХХ-ғасырдың 90-шы жылдары қаскерліктің салдарынан ареалы күрт тарылып кетті. Алтынтамыр Риддер қаласының ботаникалық бағында өсіріп көбейту тәжірибесінен өтті. Оны Катонқарағай орман шаруашылығындағы тәлімбақта көбейту мүмкіндігі мол. Өйткені аймақта ол сирек кездесендіктен Үлкен және Кіші Арасан мен Сарымсақты жотасынан әкеліп климат жағдайы сәйкес қолайлы жерге жерсіндіру әлде қалай оңай болатыны дәлелденді.

Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түсті) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр деп те атайды.  Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

Қорытынды:

Мақалада келтірілген ғылыми фактілер Қазақстандық Алтайдағы табиғат ресурстарының ішіндегі физиотерапиялық түрлерін кеңінен пайдалануға бағыт сілтейді.  Ең алдымен өлкеміздің тұрғындарына өте қажетті медицинаның осы бір бағыты аймағымызда даму алса, химиялық дәрі-дәрмекке деген сұрыныс азаяр еді. Соңғы кезде облыс көлеміндегі экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, аллергенді аурулармен ауыратын адамдардың саны да күрт өсуде. Оның үстіне адамдар ауырған кезде пайдаланылатын химиялық препараттар олардың ағзаларында түрлі аллергиялық тағы бір  дерттің пайда болуына себепкер болады. Сондықтан зоотерапиялық әдіспен науқастарды емдеу — алдын алуға зор ықпал жасайды. Өзі өмір сүрген XX-шы ғасырдың басында белгілі профессор, биологиялық фармацевтиканың негізін қалаушы Александр Чирх «Медицина өзінің асқазанын химиялық синтез жолымен алынған дәрілерді қабылдап толығымен бүлдірген соң, жануарлардың барлық мүшесі мен өсімдіктерден алынған емдерді,яғни халық медицинасына міндетті түрде қайта оралары сөзсіз» -деген екен. Қазақстандық Алтайдың  табиғатының байлықтарын жоспарлы түрде, нұқсан келтірмей пайдалана отырып, фармакологиялық ресурстарын кешенді түрде игерсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.  Сондықтан өз ғасырымыздың иінінде тіршілік етіп отырған біздер, ең алдымен ,еліміздің денсаулығын нығайтуға,одан кейін басқа елдерге физиотерапиялық кластерді танытып, экономикамызды дамыту мақсаты тұрғанын зерттеуден кейін анықтап отырмыз.

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. 1. Мальчевский А.С. Новиков, Г.А. Фалькенштейн Б.Ю. Биология лесных птиц и зверей.- М.: Высшая школа, 1996.-125 с. Кукенов.М.К.  Лекарственные растения Казахстана и их использование.- Алматы,1997.
    3.Прокопов К.П. Позвоночные Восточного Казахстана. – Усть-Каменогорск : Издательство ВКГУ им. С. Аманжолова, 2000.- 113 с.
  2. Кырыкбаева Р.Н., Шелышев А.Н. Труды Катон-Карагайского государственного природного парка.- Усть-Каменогорск : ТОО «ПРОФИТ», 2006.- Т.1.- 258 с.
  3. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары.- Алматы : Алматыкітап ЖШС, 2006.- 356 бет.
  4. Бегалина Р.Т. Музтау : пособие по пантолечению для врачей физиотерапептов, врачей общей практики и студентов медицинских ВУЗов. – Алматы : АГИУВ МЗ РК, 2008.- 15 с.