«Жеміс-жидек дәрумендер көзі» «Алма»

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі № 54 орта мектебі

 

 

Ғылыми жоба

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:   «Жеміс-жидек дәрумендер көзі»

«Алма»

 

 

 

 

 

 

        Бағыты:   Ана тілі, дүниетану

        Секциясы:  Дүниетану

        Орындаған:   Джамалова Әмина

        Ғылыми жетекшісі:  Ниетбаева Мархабат                                                                      Әшірқызы

Тараз -2012ж

 

  

 

 

Мазмұны

І.   Жеміс-жидек  —   дәрумендер көзі

ІІ.  Кейбір жеміс-жидектерде болатын дәрумендер мөлшері

(100г жемісте мг есебімен)

ІІІ.  Табиғи жеміс-жидектерді пайдалану

а)  Қара алма

ә)  Сиверс алма

б)  Қызыл алма

в)  Апорт алма

г)  Анис алма

ІV.  Алма түрлері

  1. Алмадан сусын даярлау

VІ.  Алма жемісін табиғи күйінде сақтау

VІІ. Алманың сорттары

VІІІ.  Қорытынды

ІХ.   Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

         Мен, Джамалова Әмина бұл ғылыми еңбегімде Қазақстан өлкесінде өсетін жеміс-жидекті, жаңғақты, жуаншақты тамыр сияқты өсімдіктер органикалық құрамы дәрі-дәрмендік қасиеті және үй жағдайында олардан әр түрлі тағамдар жасау  жолдарын

баяндадым.

Бұл ғылыми еңбегім, өсімдік әуесқойларға мен көпшілік оқырман қауымға арналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазақстанда өсетін жабайы және арнайы өсірілетін өсімдіктердің түрлеріне, емдік қасиеттеріне, адам ағзасына пайдалы екеніне сипаттама беру.

Зерттеу әдісі:

Қолдағы бар жиналған деректердің және қосымша материалдардың кесірінде зерттеу жұмысына ғылыми сипаттама жасау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыптары бойынша әдебиеттерге талдау, шолу.
  2. Жеміс- жидектердің  емдік қасиеті мен оларды пайдалану                 ерекшеліктерін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

        Бұл  ғылыми жұмысқа Қазақстан жеміс-жидекке, өсімдікке бай екенін білдіретін тақырыпқа байланысты жұмыстар, ғалымдардың еңбектері, жарық көрген газет материалдары, құнды кітаптар және қосымша әдебиеттер кеңінен пайдаланылады. Жұмыс жору барысында адам ағзасына пайдалы және қажетті дәрумендер, емдік өсімдіктер ерекшеліктері талапқа сай ескерілген, нақты деректермен көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Қазақстан территориясы өсімдіктерге бай. Олардың көпшілігі  —  жеміс-жидекті, жаңғақты, жуаншақты және тамырсабақты өсімдіктер. Қазақстанда жабайы түрде өсетін флоросы таусылмайтын шикізат қоры болып табылады.

Олардың құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті және илік заттар, дәрумендер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектердің маңызы зор және медицинада кеңінен қолданылады. Жабайы флорода көп тараған жеміс-жидекті өсімдіктер: алма, алмұрт, алхоры, айва, долана, ирга, шие, құлпынай, бүлдірген, өрік, қарақат т.б.

Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі. Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілгінің құрамындағы әр ағзаға пайдалы заттар мәдени өсімдіктердегідей әлдеқайда көп. Соңғы кезде жабайы өсімдіктердің көп өсетін жерлерінде жеміс-жидек шаруашылықтары құрыла бастады.

Жеміс-жидектердің мол табиғи қоры оларды консервлеуге және кондитер өндірісіне шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жаңғақты, жуашықты және тамырсабақты өсімдіктердің де маңызы жеміс-жидектерден бірде-бір кем емес екені ғылыми жолмен анықталған.

Жаңғақты өсімдіктерде: В, С1, К1, Е дәрумендері, кәдімгі май, эфир майы, белок, минерал тұздары, иліндатар.

Жуашықты өсімдіктерде: эфир майы, сапониндер, глюкозидтер, аскорбин қышқылы, каротин т.б.

Тамырсабақты өсімдіктерде: хош иісті зат, кумарин, органикалық қышқылдар, белок, крахмал, эфир майы, майор қант, фитонцидтер, минералдық заттар, глюкозидтер, таниндер, аскорбин қышқылы, каротин, С дәрумені болады.

Дәрі жасау ісінде бұлардың алатын орны ерекше. Химиялық әдіспен жасалған дәрілерге қарағанда өсімдіктерден алынатын дәрінің сапа жағынан артық екені де ғылыми зерттеулер арқылы дәлелденген. Дүние жүзінде дәрі жасауға 520 тұқымдасы бар 925 өсімдік түрі пайдаланылады.

Өсімдіктен алынған дәрілер барлық ауруларды емдеуге қолданылады. Халықтың медицинада ерте заманнан қолданылып келген өсімдіктердің 150-ге жуығы біздің еліміздің фармологиясына енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Жеміс жидек дәрумендер көзі.

Дәрумендер биологиялық жағынан өте сіңімді болатын адамдар мен жануарлар ағзасының тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 30-дан астам дәрумендер түрлері белгілі. Адамның дәрумен алатын қорының басты көзі-өсімдіктер. Олардың ішінде ең маңыздысы –А1, В1, В2, С, Р және Р, Д дәрумендері болып табылады.

А-дәрумені. А дәруменінің жеткілікті дәрежеде қабылдаған адамның организмі жұқпалы ауруға жақсы қарсы тұра алады. Егер адам организмінде А дәрумені жетпесе тыныс алу органы, асқазаны, ішектері және терісі жиі ауырады. Адамның жейтін тағамында А дәрумені жеткіліксіз болса, көзі нашар көреді.

А дәрумені, әсіресе баланың бойы өсуі үшін өте қажет, сондықтан аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдің тамағында А дәрумені балық көп болу керек.

А дәрумені балық және мал майында көп болады. Адам жемістен және жидектен каротин (А провитамин) алады. Каротиннен адам организмінде А витамині жасалады. А дәруменінен еркек адам және 14 жасқа дейінгі бала бір тәулікте 1 мг, жүкті әйел -2 мг, бала емізетін әйел- 2,5 мг алу керек.

В –дәрумені (тиамин, аневрин) –нерв жүйесінің дұрыс істеуін қамтамасыз етеді. Егер тағамдарымызда В1 дәрумені жоқ  болса, нерв, жүрек, қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылады. Жүйке ауруымен ауырған адам тез шаршайды, басы айналады, тез ашуланады, бұлшық еті әлсірейді, асқазаны ауырады. Нерв ауруларына шалдыққан адамдарға В1 дәрумені беріледі.

Ересек адамдар бір тәулік ішінде 2-3 мг, 14 жасқа дейінгі балалар  -1-1,5 мг, жүкті әйел -2 мг қабылдауы керек.

В2-дәрумені. В2 дәрумені адамның барлық органдарының жұмысын реттеуге қатысты. Ол жеткіліксіз болса, адамның жалпы жағдайы нашарлайды. В2 дәрумені ашытқыда, ірі қара малдың бауырында, етте, жұмыртқаның ақ қырында, сүттен жасалған тағамдарда, көекністерде және жемістерде болады. Кептірілген консервіленген, тосап жасалған жеміс-жидектерде В2 дәрумені жақсы сақталады. Адамға бір тәулікте 2 мг В2 дәрумені қажет.

С –дәрумені. (Аскорбин қышқылы)

С дәрумені жетіспеген адам қатты ауырады, тез шаршайды, басы айналады, ашушаң болады, жүрегі соғады. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды. Жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды. Ұзақ уақыт С дәрумені жетіспесе адам қырқұлақ ауруына шалдығады.

С дәрумені жемісте, жидекте, әсіресе итмұрында, қарақатта көп, бір тәулікте жеңіл қол еңбегімен айналысатын адамға-50 мг, ауыр жұмыс атқаратын адамға -75 мг, 7-14 жасқа дейінгі балаларға -50 мг С дәрумені қажет.

Р –дәрумені. (Цитрин). Бұл дәрумен барлық ауруға да қарсы қолданылады. Р дәрумені лимон, апельсин, қара қарлыған, итмұрын, алма, жүзім және бетіқысуық жемістерінде көп болады. Адам бір тәулікке 20-50 мг Р дәруменін пайдалануы керек.

РР дәрумені (никотин қышқылы).

Бұл дәрумен Пеллагра ауруының барлық түріне –бауыр, жүрек, қан тамыры тарылған адамдарды емдеуге және ұзақ уақыт жазылмай жүрген жараларды жазуға қолданылады. Бір тәулікте ересек адам 15-25 мг, 14 жасқа дейінгі балалар 15 мг РР дәруменін қабылдау керек.

Жеміс-жидектерде болатын дәруменнің мөлшері өсімдіктің өсетін топырағына климат жағдайына, өнімдерді жинау мезгіліне және сақталу жағдайына байланысты. Яғни өсімдік құнарлы топырақта, жылы жақта өссе және жемістер толық піскеннен кейін жинап алынса, әрқайсысының өзіне тән сақтау әдісін мұқият орындағанда оның құрамындағы дәрумендерді толық сақтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.  Кейбір жеміс-жидектерде болатын дәрумендердің

мөлшері (100 г жемісте мг есебімен)

 

Жеміс-жидектер Каротин

(Алровитамин)

В1 В2 С Р РР
Алма 0,1-0,3 0,05 0,006 7-30 10-70 0,2
Алмұрт өте аз 0,12-0,17 0,025 4-17 0-500 0,24
Алхоры 0,16-2,14 0,04 0,02 5-15 100-1000 0,8
Айва өте аз 0,02 10 0,84
Жүзім 0,25-1,25 0,06025 9-54
Итмұрын 0,7-4 0,03 15-21 320-600
Қарақат 5
Қожақат 0,3 5
Өрік 2,5 0,06-0,17   150

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  Табиғи жеміс-жидектерді пайдалану.

         Жабайы өсетін жеміс-жидектердің бәрін дерлік тағам ретінде жаңа жинап алған бойында немесе келтірілген, мұздатқан, консервіленген күйінде пайдалануға болады. Олардан үй жағдайында тосап, джем, пюре, повидло әр түрлі сусын жасалынады және шырын алынады.

Жеміс-жидектердің шырыны өте бағалы болып есептеледі. Себебі шырында жеміс құрамындағы адам денсаулығына қажетті дәрумендер, органикалық қышқылдар, қант, минерал тұздары болады. Олар ағзаға жақсы сіңеді. Сондықтан жеміс-жидек шырындарының адами ағзасы үшін маңызы зор. Жеміс-жидек шырының тамаққа және кисель, желе, шарап, морс жасауға пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қара алма. (Киргировка).  Биіктігі 12 метрге дейін жететін ағаш өсімдігі. Жас өркеннің түсі сұр немесе қызыл сұр келеді. Жапырағы үлкен, ұзындығы 6-10 см, ені 3-6 см, жалпақ болады. Гүлі ақ қызғылт. Жемісінің пішіні әр түрлі.

Тау беткейінде шоқ тоғай болып, кейде жаңғақ, шетен орменның арасында да өседі. Қара алма Іле Алатауында, Қаратауда, Тянь-Шань тауының батысында кездеседі.

 

Сиверс алмасы. Биіктігі 5-6 м ағаш өсімдігі. Жапырағы жалпақ, гүлі ірі, түсі қызыл немесе ақ түсті келеді. Жемісінің пішіні әр түрлі болады (алқызыл, қызғылт, қызыл ұзынша)

Тау беткейінде, өзен аңғарында тоғай болып өседі. Тарбағатай, Жоңғар, Шу-Ілімен Қырғыз Алатауында, Тянь-Шаньда кездеседі. Жемісін жеуге повидло, шарап жасауға болады. 1 га алмалы тоғайдан 5-10 тонна өнім жинауға болады.

 

Қызыл алма (нездведцкей алмасы). Биіктігі 5-8 см ағаш өседі. Діңінің қабығы қоңыр-қызыл, жасөркендерінің қабығы қызыл түсті, сыртын қысқа түк басып тұрады. Жапырағының ұзындығы 7-10 см, ені 3-6 см. Гүлінің түсі ашық қара, қоңыр.

Жемісі күлгін, көк, қызыл. Әр жерінде қызғылт дағы бар. Тұқымы қоңыр түсті. Жабайы қызыл алма таудағы орманда өседі. Алманың бұл түрін Беріқара сайынан Б.А.Быков пен П.П. Поляров тапқан. Батыс Тянь-Шаньдағы Машат сайынан Б.А. Быков тапты. Оны будандастыру арқылы Қазақстанда көп өсіріп жүрген «Кульдшинко» сорты шығарылды.

 

 

Апорт алмасы. (Апорт Александр және темно-красный Апорт) –Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарының біраз аудандары үшін негізгі сорт. Төсемелі түрде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында да өсіріледі. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7-8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімі аса мол, әрбір жеміс ағашы жылына 300-400 кг дейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500-600 грамға дейін жетеді, түсі әдемі жарқын болады. Бұл сорттың жемісі сентябрь айының жартысында піседі, каңтар-ақпан айларына дейін еркін сақтауға болады. Мұндай сорттың жеміс ағаштарын желдің күйдіруінен қорғау керек болады. Бұл республикадағы жеміс ағаштарының ішіндегі ең бағалы сорттарының бірі. Ең жақсы тозаңданатын сорттар –Грушовка верненская, Зеленка, Ренет, Ландсбергский және Пеструшка.

 

Анис алмасы. Негізінен Батыс Қазақстан және Гурьев облысында тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, ұзақ жасайды және мол өнім береді (орта есеппен әрбір ағаш 100-120 килограмға дейін өнім береді).  Бұл сорттың жемісі тамызда піседі, қараша айына дейін сақталады. Тозаңдатқыштары –украинка, Мальт және Антоновка.

Антоновка обыкновенная. Алманың байырғы сорттарының бірі. Республикамыздың батыс облыстарында жиі кездеседі. Бұл сорт қысқа, суыққа төзімді. 6-8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Мейлінше мол өнімді, әр ағаштан бір жарым-үш центнерге дейін өнім жинауға болады. Бұл сорттың жемісі қыркүйектің бас кезінде піседі, қаңтар айына дейін сақталады.

 

 

ІV.  Алманың түрлері.

Жаздық түрі.

  1. Анис бархатный (Атырау)
  2. Белый налив (Алматы, Жамбыл, Египет)
  3. Июльское (Алматы, Шымкент, Орал)
  4. Мальт багаевский (Орал, Атырау)
  5. Гориоалтайское Рансе (Садо-ва сибира)
  6. Бернаульское рансе (Садо-ва сибира)
  7. Алтайское десертное (Садова сибира)
  8. Уралец (Орал)
  9. Любимец кутора Благодатного (Краснонорск край)
  10. Щедрая (России)
  11. Мельба (Алматы, Жамбыл, Қызылорда)
  12. Сүйелелер (Столовка)

Күздік түрі.

  1. Бороновика (Орал, Атырау)
  2. Осеннее полосатое (Штрейфлинг)
  3. Слова победителям (Алматы, Талдықорған)
  4. Салтанат (Қазақстан)
  5. Словянка (Орал, Семей)
  6. Ракет Бурхардта (Семей, Ақтөбе)
  7. Ракет Казакстанский
  8. Осенная радость   (Северо востого Казакстан)
  9. Октябрьское (Орал, Атырау)
  10. Пенин шафранный (Семей, Орал)
  11. Уэлси (Американский сорт)

 

 

Күздік-қыстық түрі.

  1. Бельфлер (Алматы)
  2. Золотой грайма (Америка)
  3. Мекинтош (Канада)
  4. Голден Делишес (США)
  5. Джоноред (США)
  6. Зоря Алатау (Қазақстан)
  7. Киргизское зимнее (Қырғызстан)
  8. Апорт (Алмат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Алмадан сусын даярлау.

         Ағаштан жаңа жұлып алған ащы алмаларды жуып, ұсақтап кеседі. Ортасындағы бөлігін алып тастайды да шишаға мойнына келгенше салады. Үстіне жаңа алынған, бал құяды. Аузын тығыз етіп тығындап, тығын айналасына сұйық смола құйып қояды. Температура неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы. Бірақ шиша ішіндегі зат қатпауы керек. Бір жылдан кейін өте дәмді сусын даяр болады. Оны сүзіп алып пайдалана беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ.  Алма жемісін табиғи түрінде сақтау.

Піскен алмаларды таңдап алып, жуып, суын сорықтырып, қабығын аршып, бірнеше бөлікке бөледі және зақымданған жерін, тұқымын жеміс сабағын алып тастайды. Ұсақ жемістерді кеспей тұтас алады. Кесілген алма қоқырайып, табиғи түсін өзгертіп кетпеуі үшін 1 пайыз тұз ерітіндісіне 15 минут бойы салып қояды. Сонан кейін оны 850-900с ыссы суда 5-6 минут ұстайды. Суығаннан кейін суын ағызып, бойкаларға салып, үстіне қатты қайнап тұрған сиропты құяды. Аузын қақпақпен жабамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІ.  Алманың сорттары.

Жаздық сорттар: Анис барзатный (Анис алый, Анис сафьяновый), Белый налив (Алебастровое, Налив белый, Налив сквозной, Налив белое), Грушовка московская (тез пісетін қысқа сабақты сорт), Июльское, Мальт багаевский, Пеструшка (Конфетное), Раннее колхозное, Суйслеппер (Белое-розовое, столовое, Суйслеппское, Столовка), Яндыковское, Мельба, Кальвиль уральский румянный.

Күздік сорттар: Боровинка (Харламовское), Мильтон, Осеннее полосатое (Штрейфлинг), Ренет казакстанский, Славянка, Ефимовское, Заря Алатау, Исилькульское, Любимец, Пепинка алтайская, Пепинка литовская, Ренет Бурхардта, Ренет золотой Писгуда.

Күздік-қыстық сорттар: Алма-Атинское зимнее, Антоновка новая, Бабушкино, Бельфлер алмаатинский, Золотое Грайма, Грушовка верненская, Заилийское, Зимнее банановое (Банан зимний), Красный железняк (Красное железное, Красное Айзера, Красный Эйзер), Мекинтош, Пармен зимний золотой, Пепин шафранный, Ренет орлеанский (Зимний шафран, Красный шафран, Шафран), Северный синап, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Румянка алма-атинская, Алтайский голубок, Анис алый, Анис полосатый, Антоновка обыкновенная, Апорт, Голден Делишес (Золотое превосходное), Горноалтайское, Грушовка талгарская, Жаңа-алма, Кальвиль Кацейко, Кандиль-китайка, Милтон, Ренет Моисеева, Розмарин белый, Салтанат, Скрыжапель, Уральское наливное.

Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алу.  Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алғанда әрбір облысқа климат жағдайына қарай ұсынылған стандартты сорттарды басшылыққа алу қажет. Бұл сорттар жемісінің пісу мерзімі мен пайдалануға жарамдылығы, бау иелерінің қажетін қанағаттандыру дәрежесі де ескерілгені жөн. Мұнда мейлінше көп сақталынатын қыстық сорттарға едәуір орын берілгені дұрыс. Стандартты сорттарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын сорттың бір немесе екінші түрін көбейтіп жіберу –әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сондықтан жеке меншік бақ учаскесінде еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатын көздеп, белгіленген ағаш тұқымы мен сорттардың өзара теңбе-теңдік тәртібін мұқият орындау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ.  Қорытынды.

Бұл ғылыми жұмыста Қазақстан өлкесі өсімдіктерге бай екені көрсетілді. Адам денсаулығына қажетті дәрумендерді қазақстанда өсетін жабайы және арнайы өсірілетін жеміс-жидектерден алынатынын туралы айтылады. және олардан алынатын дәрумендер адам ағзасына пайдалы және емдік қасиеті бар екені де анықталады.

Сонымен қатар, бүгінгі тақырыптағы алма жемісінің көптеген түрлері бар екендігі. Олар Қазақстанның барлық жерлерінде өсірілетіндігі және жабайы түрлерінің кездесетіндігі жайында да айтылды. Үй тұрғысында және шикізат өнімдеу заводтарында алма жемісін қалай, не үшін пайдалануы, консервлеу, қаптау, сақтау туралы мәліметтерде қаралды. Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В.И. Мичурин өзінің еңбектерінде «Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті –бағалы сорт сапаларының бірі» деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін түзеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады. Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаскелерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі.

Алманың және алмұрттың сорттары – ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІХ.  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Шаңырақ үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1972 жыл.

1 том 546 бет.

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы.  Алматы 1973 жыл, 2 том

125  бет.

  1. А.Ф. Ковшарь «Қазақстандағы өсімдіктер әлемі»  2004 жыл             130 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныс.

Табиғатқа құрметпен қарау. Айналамыздағы өсіп тұрған өсімдіктерді аялау. Ағаштарға күтім жасау, суғару, зақымданудан сақтау. Дәрілік өсімдіктерді және жеміс-жидектерді халық медицинасында кеңінен пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

«Балғын зерттеуші» залы

Күні:_____________________________________________________

Секция жүргізушісі:________________________________________

Хатшы:___________________________________________________

Зерттеу жұмысының тақырыбы:______________________________

__________________________________________________________

Оқушының аты-жөні: _______________________________________

Жетекшісі: ________________________________________________

Баяндаманың бағалануы: ____________________________________

 

Көрсеткіштер Бағалану

(ұпай)

1 Өзектігі  
2 Ғылымилығы  
3 Мәселе төңірегінде білімі  
4 Тақырып пен мазмұны үйлесімділігі  
5 Зерттеушінің жеке еңбегі  
6 Материалды дұрыс пайдалана білуі  
7 Жазылу стилі  
8 Жұмыстың көркемделуі  
9 Баяндаманы жеткізе білуі (қорғау шеберлігі)  
  Жалпы ұпай