Әз Наурызым! тақпақ

 

 

Қарсы алды сағынып біздің ауыл,

Қасиетті Әз Наурыз, жаңа жылды.

Жібермесін жаратқан жай кеселін,

Наурыз-көктем ала келсін берекесін.

 

Қатал қыстың босаңсып құрсауынан,

Сылдырлайды ақ бұлақ тау жақтағы.

Жинап әкеп көктемнің барша гүлін,

Бала  жігіт ұсынып аруына,

Алтыбақан тебісіп, қалжыңдасқан.

 

Наурыз көже қойылып дастарханға,

Ақ дария кең пейілді ауылыма

Ақ құюда ақ жеңгем иіліп кеп,

Қонаққа кел, қонаққа кел  Әз Наурызға.