Сөз мерген ашық сабақ

Тақырыбы: Сөз мерген

Мақсаты:

      Білімділік: Оқушыларды оз ойын еркін әрі сауатты жеткізуге

дағыландыру.

      Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту, ой өрісін

Дамыту.

      Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Түрі: ойын

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: интерактиквті тақта, слайд.

Барысы:

     Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру, салемдесу, ойынға қатысушылардын назарын ойынға аудару.

Ойынның түрі: Сөз мерген

Ойыншылар 2 топқа бөлінеді.Әр топ өз топтарын қорғайды.

Бұл сайыс 3 бөлімнен тұрады.

1- бөлім: Кім тапқыр?

2- бөлім: Тек қана мимика

3- бөлім: Мақал- мателдер жарысы

Ал, ойыншылар ойынға дайынсыздарма? Ендеше сәттілік .

 

      1- бөлім Кім тапқыр? Бұл сайыста 8 сұрақ оқылады, әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1- сұрақ: Кім?Не? Кімдер?Нелер?Сұрағына жауап беретін сөз табы

Жауабы: зат есім

2- сұрақ: Мұхтар Әуезовтың атын әлемге әйгілі еткен шығарма?

Абай жолы

3- сұрақ: 1 тонна темір ауырма,1 тонна мақта ауырма?

Екеуі тең

4- сұрақ: Қайрат Айманға 1кг ас тұзын әкелді де, осыдан жүрек жалғайтын, ащы емес нәрсе дайындап берсе, бір айлық шәкіртақысын беретінін айтты.айдын аяғында Айман уәделескендей Қайраттың бір айлық шәкіртақысын алды.Сұрақ: Айман Қайратқа 1 кг ас тұзынан ащы емес қандай ас дайындап берді?

Қайнатылған жұмыртқа

5- сұрақ: Шоқан Уалихановтың шын есімі кім?

Мұхаммедханафия

6- сұрақ: 100-ге дейін 8 саны неше рет кездеседі?

11- рет

7- сұрақ: Тұрлаулы мүшелерді ата

Бастауыш және баяндауыш

8- сұрақ: Жаңбыр қалай пайда болады?

Өзендердің, көлдердің, мұхиттардың булануының нәтижесінде

 

 

2 — бөлім:Тек қана мимика

Бұл сайыста екі топқа да бес – бестен экранға сурет шығады,топ басшысы шығып ол суреттегі заттарды жасырады,ал топ сол жасырылған заттарды табады.

 Домбыра,жылан, тікұшақ, күшік,бала.

 Жираф, қоян, тышқан, үкі,балық

3- бөлім: Мақал- мәтелдер жарысы

Бұл бөлімде 16 сурет шығады сондағы әр бір суретке мақал кұрастырасыздар.

 Балық. Балық басынан шіриді

 Бала. Балалы үй базар,баласыз уй қу мазар

Ақша.100 теңген болғанша, 100 досын болсын

Жолбарыс.

Қасқыр:Бөрінің аузы жеседе қан, жемеседе қан

Нар: Құласан нардан құла

Қыз: Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі

Көз: көз қорқақ, қол батыр

Бесік: ел болам десең, бесігіңді түзе

Су: су ішкен құдығыңа түкірме

Айна: бетің қисық болса, айнаға өкпелеме

Жол: Қыз мақсаты кету, жол мақсаты жету

Жауап бергендеріңізге рахмет!  Әділ- қазылар женген топты атайды және сол топ марапатталады.Келесі кездескенше қош сау болыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөз мерген

 

 

 

 

 

Дайындаған: А.Даужигит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қарату қаласы