Бала-бақыт, бала-болашақ

Тақырыбы: «Бала-бақыт, бала-болашақ»

 

Мақсаты: Әрбір бала ата-анасымен бақытты, ата-ананың көз қуанышы, өмірінің мәні, жалғасы, Тәуелсіз еліміздің болашақ  ұрпақтары. Бүлдіршіндеріміз еш қиындық көрмей, бал-бұл жанған жүздеріңнен күлкі кетпесін. Балаларды армандарына жетуге талпындыруға тәрбиелеу.

 

Жүргізуші: Қайырлы күн!

 Бүгінгі жайдарлы жаздың шаттық пен қуанышқа толы алғашқы мерекесі Халықаралық балаларды қорғау күні. Бақытты балғындар, жалынды жасөспірімдер мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгінгі мерекені ашу үшін құттықтау сөз «Ақбота» бөбекжайының меңгерушісі Фарзия Асқарқызына сөз кезегі беріледі.

 

Жүргізуші: Сәби үні әр үйдің ырысы, берекесі,

Балапаны ананың, көңілінің еркесі.

Жүрегіңнің жалғауы, болашақтың ұл-қызы,

Құтты болсын балғын жас, балалар мерекесі!

«Егеменді ел болдық!»,- деп қуанған халықпыз,

Достық үшін, бірлік үшін әрқашанда жаныппыз.

Балалық шақ, балғын жүрек, пәк жүректі бөбектер,

Әсем жырмен көркемдейміз, еркіндікті танып біз.

 

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» 

 

 

Жүргізуші: Бала адамның жүрек еті, сенері,

Болашағы, демеушісі, тірегі.

Сәби үшін жаратылған жүрегі,

Ата-ананың бір үстінде тілегі!

 

Би: «Шляпа» орындайтын «Гулдер» тобының бүлдіршіндері.

Балалар бізге қонақ келді қошеметпен қарсы алайық«Сайқымазақ кіреді»

 

Жүргізуші: Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің,

Жиып берем көгімнің жұлдыздарын.

Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,

Жыр тағдырын жалғайтын ұл-қыздарым!

 

Би: «Көбелек» орындайтын «Жемістер» тобының бүлдіршіндері.

 

 

Жүргізуші: Балалық шақ балдәуренге асығам,

Біле алмайды өтпеген өз басынан.

Бала деген өмірдің мол қызығы,

Қуанышы, шырқайтын ол асыл ән.

Набиолла Жанэльдің орындауында «Балапан» әні.

 

Жүргізуші:Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіздерме?

Ертегі «Қызыл телпек»

 

Жүргізуші: Сен қандай сүйкімді едің. Жаным балам,

Жүзіңе қарап тұрмын дамылдаған.

Бал күлкі, былдырлаған, тәттім менің,

Суреттей әлемдегі салынбаған.

Би: «Өзбек» орындайтын Гулдер тобының бүлдіршіндері.

 

Жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,

Жарқыратып жібереді-ау дүниені.

Жетедіме күлген сәби жүзіне,

Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.

Би: «Флешмог» екі топтың бүлдіршіндерінің орындауында.

 

Жүргізуші: Ата-аналар, ұзақ өмір сүріңдер,

Қызықтарын балалардың көріңдер.

Бақытты өмір аясында өркендеп,

Қуанышпен аман-есен жүріңдер!

Осымен бүгінгі «Бала-бақыт, бала-болашақ» атты ертеңгілік концертміз тәмәнданды назар қойып тыңдағандарыңа рахмет.