Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – асыл қасиет

 

Қайырымдылық дегеніміз-көмек керек ететін кіріптар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Адам қолымен жасалған игі істің бәрі-оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Мейірімділік, қайырымдылық — адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, ана мейірімі, бала мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-бірімен татулығы, жақсы қарым-қатынасы. Мейірімді адам айналасына және бүкіл адамзатқа жақсылық ойлайды. Жақсылық жасау-имандылықтың, тәрбиеліліктің белгісі. Біздің мектебімізде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру дәстүрге айналған десек те болады. Жыл сайын «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акциялары өткізіледі. Соның бірі – «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы. Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы,тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына , жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу , сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балаларлың мектепке бармауын алдын алу. Акцияның жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Жұмыс жоспары бойынша бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Мектепке бекітілген мөлтек аудандар араланып, 0 және 18 жасқа дейінгі балалардың контингенті нақтыланды. Мектепте сабаққа қатыспайтын, келмей отырған балалар жоқ.

Акция барысында «Қамқорлық» қайырымдылық концерті өткізілді. Концертте мектептің өнерпаздары ән айтып, би биледі. Ата-аналар, ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, өздерінің көмектерін көрсетті.

Аталған іс-шараға мектеп ата-аналары, ұстаздары және оқушылар белсенді атсалысса , жеке кәсіпкерлер Әбдіраманова Гүлжауһар, Қаржауова Баян, Жапарова Сандуғаш өз көмектерін көрсетті. Көмек көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз.Сонымен қатар барлық сыныптарда акция шеңберінде жас ұрпақты адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары, тренингтер өткізілді. Атап айтқанда, мектеп психологтары да іс-шараға қатысып, «Менің қолымнан бәрі келеді», «Қарым-қатынас және адамгершілік» тақырыптарында  тренингтерін өткізіп, оқушыларға психологиялық жағынан қолдау көрсетті.

Акция шеңберінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетілді. Жиналған қаражат жағдай төмен отбасы балаларының  қажетті жабдықтарына жұмсалды,  яғни 7 оқушыға киім-кешектер алынып  берілді. Оқу құралдары басқа да оқушыларға қосымша көмек ретінде берілді.

Қайырымдылық жасау-игілікті іс. Сондықтан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

 

Қостанай облысы  Арқалық қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі

Әлеуметтік педагог: Кабильдина Кенжегуль Жанбыршыновна