Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістері мен тәсілдері

 

Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістері мен тәсілдері

 

ӘП отбасылармен жұмысының тағы бір нысаны – отбасының әлеуметтік-педагогикалық мониторингі – кезеңдік жиынның ғылыми негізделген жүйесі, отбасында болып жатқан үдерістер туралы ақпаратты жалпыландыру және талдау, және осының негізінде стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдау. Негізгі қағидаттары: ақпараттың толықтығы, нақтылығы, жүйелілігі; мәліметтер алу жеделдігі және олардың жүйелі өзектілігі; ақпаратты жинау және талдау барысында таңдалған ұстанымдардың біртұтастығымен қамтамасыз етілетін алынған мәліметтердің салыстырылуы; жалпыландыру және сараланған бағалар мен тұжырымдарды үйлестіру. Мәні – отбасылық өмірдегі үдерістер мен оқиғалар туралы шынайы сипатқа ие (отбасы мүшелері өз еркімен ұсынатын ақпарат; тікелей және жалпы бақылау, балалардың отбасы туралы шығармалары мен графикалық жұмыстары және т. б.), және де арнайы ұйымдастырылған зерттеу барысында алынған (сұрау, сауалнама алу, сараптамалық баға әдісі, өмірбаян әдісі, отбасыішілік қарым-қатынастарды анықтауға арналған психологиялық әдістемелер және т. б.) барлық мәліметтерді кешенді түрде қолдану. Бұл ретте ӘП ақпараттар мен алынған нәтижелерді жинақтай білу қабілеті маңызды рөлді атқарады. Жүйелеу тәсілі бірнешеу болуы мүмкін. Олардың бірін қарастырайық. Жұмыс алгоритмі: ·отбасымен танысу және онда бар қиындықтарды түсіну, отбасыларға қажетті көмекті анықтау; ·отбасының ӨТЖ алғашқы зерттеу; ·отбасы мүшелерімен және олардың айналасындағылармен танысу, балалармен әңгімелесу, оларды өмір сүру жағдайларын бағалау; ·отбасыларға көмек көрсеткен қызметтермен танысу, олардың іс-әрекеттерін зерттеу, тұжырым; ·отбасы сәтсіздіктерінің себептерін, оның ерекшеліктерін, құнды бағдарларын зерттеу; ·отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; ·отбасы картасын құрастыру; ·қызығушылық танытқан барлық ұйымдармен үйлесімді қызмет (білім беру, мектепке дейінгі мекемелер, Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту орталығы, Отбасыларды қорғау орталығы, жетімдер үйі, балалар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция және т. б.); ·сәтсіз отбасымен (бұдан әрі – СО) жұмыс бағдарламасын құрастыру; ·отбасыларды ағымдық аралау және бақылау; ·СО жұмыс нәтижелері туралы тұжырымдар. Жұмыс формалары: «Отбасылық қонақ бөлме» – Орталық мамандарымен дөңгелек үстел басында кездесу және отбасылардың ұқсас проблемаларын талқылау. Қонақ бөлме аз адамды қамтиды, ал шай ішу мәжбүрлеусіз, ашық әңгімеге тартады. Оған міндетті түрде әлеуметтік қызметкерлер, отбасымен жұмыс істейтін және тар шеңберлі мамандар қатысады. «Ата-аналар университеті»– бала-ата-ана қарым-қатынасы, тәрбиелеу және отбасылық заңнама мәселелері бойынша әңгімелер мен дәрістер. Ата-аналарға арналған тренингтер:«Саналы түрде тәрбиелеу», «Ұрыспас үшін қалай дауласу керек». Балалар мен жасөспірімдерді оңалту тобы. Балалар саны 10-15 адам, ӘП психологпен жұптаса отырып жүргізеді. Отбасыға әртүрлі отбасылық жағдайларда көмек көрсету формалары (отбасылардың барлық түрлері үшін ортақ) ·қалалық еңбекпен қамту қызметі және меншік формалары әртүрлі кәсіпорындар арқылы кәмелетке толмаған балалардың да, олардың ата-аналарының да жұмысқа орналасуына ықпал ету. ·Ата-аналарға жәрдемақыны ресімдеуде құжаттар жинауға көмектесу: балаларға және жұмыссыздығы бойынша. ·Тұрмысы төмен немесе аз қамтылған отбасының тұрғындарды әлеуметтік қорғау қорынан немесе қалалық кәсіпорын арқылы материалдық көмек алуына ықпал ету. ·Заңнамамен қарастырылған жеңілдіктерді алуға көмектесу. ·Отбасыларға балаларын жазғы және қысқы кезеңде сауықтыру мекемелеріне орналастыруға көмектесу. ·Сынып жетекшілерімен, КТІТ инспекторымен бірлесе отырып кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарына қайтару. ·Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды «тәуекел» тобындағы отбасылармен жұмысқа тарту. ·Оқушылардың мектеп асханасынан тегін түскі ас ішуіне ықпал ету. ·Балаларды жазғы еңбек бригадаларында жұмыс істеуге тарту. ·Отбасыларды рухани әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету (мүмкіндігінше заңды көмек).