МІНЕЗДЕМЕ

 

 

МІНЕЗДЕМЕ

 

Мухаметжановой  Айнур Нұртаевна  2014  жылы   Көкшетау мемлекеттік Ш.Уалиханов атындағы университетін  тәмәмдап,  қазіргі таңда Ақкөл орта мектебінде мектепалды дайындық сыныбының мұғалімі. Еңбек өтілі 7 жылды құрайды. Айнур Нұртаевна  өз ісіне жауапкершілікпен қарап ұжыммен, сыныппен  әрі жеке оқушылармен  қызыға жұмыс істейді. Айнур Нұртаевна  оқушыларды қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын оқушыларға ойдағыдай меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, орынды пайдаланады.

Алдына қойған мәселесі «Ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеу қорларын молайту»

Сабақтарында дидактикалық материалдар,жаңа  ақпараттық коммуникативтік  технологияны тиімді пайдаланады, яғни, компютер, интерактивті тақта,суреттер т.б

Балалардың оқуға  деген қызығушылығын арттыру мақсатында  әр түрлі іс-шараларға қатыстыруға тырысады. Әрқашан белсенділік қасиеті қатар жүретін Айнур Нұртаевна   қоғамдық іс-шаралардың алдында жүретіні бәрімізге мәлім. Атап айтсақ,  сауықтыру лагерлерінде, жаңа  жыл мерекелерінде белсенділік танытады т.б . Мұғалім  өзінің көптеген  сабақ жоспарларын «Көкжиек» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналына жариялады, «инфоурок»  интернет сайттарында жарияланғанын көруге болады.

Мұғалім әрдайым өз білімін жетілдіру мақсатында семинарларға, Республикалық қашықтық олимпиадаларға  және жоспарлы түрде білім жетілдіру курстарына барып білімін жетілдіріп отырады.  2015 оқу жылы  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мен  Жазу арқылы СТО дамыту»  білім жетілдіру курсынан өтті. Осындай жалынды жастан Отаны мен жастарға білім және тәрбие беру жолында әлі де үздіксіз ізденіс үстінде боларына сеніммен қараймыз.