Кітап-білім бұлағы

Кітап – асып-таспайтын асыл досымыз. Ол қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. Кітап — білім бұлағы: — деп бекер айтылмаса керек. Себебі, кітап –өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Білім құралының маңызы жайлы білімдерін одан әрі жетілдіру мақсатында оқушылар кітапханаға саяхатқа аттанған болатын. Мектеп табалдырығын енді аттап, білім нәрімен енді сусындай бастаған бүлдіршіндер үшін бұл ұмытылмас саяхат болды. Кітапханашы Габбасова Ж.А. оқушыларды кітапханамен таныстырды, ондағы кітаптар туралы мағұлмат берді. Кітапты пайдалану, кітапханадағы тәртіп туралы ережелермен таныстырды.

Білімнің қайнар бұлағы – кітап, кез келген адамның өмірің жеңілдетіп, оларды өзің және өзгені қадірлеуге үйретеді. Сондықтан кітапты сүйіңдер, себебі кітап асып-таспайтын асыл досымыз.