Жапырақтар ашық сабақ

Тақрыбы: «Жапырақтар».

 

Мақсаты:

а) Күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін  қалыптастыру,        ә) Табиғат әсемдігін көре білуге, әңгімелеуге баулу;

б)  Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: ағаштар, жапырақтар суреті, үлестірмелі                    қағаздар, жапсырмалар, дидактикалық ойындар.

 

Барысы:   Шаттық шеңбері:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап,

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

 

Кіріспе сөз:

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар? (төрт).

-Қазір жылдың қай мезгілі? (күз)

-Күз мезгілінің неше айы бар? (үш)

-Күз айларын атаңдар? (кыркүйек,қараша, қазан)

-Қазір күз мезгілінің қай айы? (қараша)

 

Жұмбақ жасыру арқылы «Жапырақ» суретін құрау.

  1. Қызыл сары немелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.                (жапырақ)

 

  1. Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.      (ағаш)

 

  1. Ағайынды бәрі, шықса көк, түссе сары. (жапырақ)
  2. Көктемде тұрады бұтаққа асылып,

Күзде жатады шашылып.                         (жапырақ)

 

-Ендеше бүгінгі ашық оқу қызметінде Тұманбай Молдағалиевтің «Жапырақтар»деген өлеңімен танысамыз

 

             «Жапырақтар»

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

 

Сұрақ-жауап:

-Өлең не туралы айтылған? (күз)

-Жапырақтар жылдың қай мезгілінде сарғайып, жерге туседі?   (күзде)

-Күз мезгілінде қандай құбылыстар, өзгерістер болады?  (күн суытады,жел соғады, жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғаяды)

Дидактикалық ойын: «Жапырақтарды түсіне қарай ағаштарғаорналастыр»                                                 Сергіту жаттығуы:

Он саусақ екі қолда,

Он башпай екі аяқта.

Екі құлақ, екі көз.

Мұрын жалғыз бірақта,

Бірге шапалақта!

 

Өзіндік жұмыс: «Жапырақтарды пішініне қарай сызба арқылы қосу»

 

Қорытынды:

Жапырақтар сарғаяды, күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жаққа ұшады,

Айтыңдаршы балалар, бұл қай кезде болады?  (күзде)

Балаларды мадақтау, марапаттау. Осымен ашық оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңыздар!