Менің тренингтегі есімім

Тренинг.

 

1. “Менің тренингтегі есімім”

Нұсқау: Ақ қағазға дәл сол сәттегі  көңіл күйіңізге байланысты ерекше ат ойлаңыз. Сол есім сіздің бүгінгі тренингтегі есіміңіз болады.

 

  1. “Бір-біріміздің рольімізде”

  Мақсаты:

  Нұсқау: Ақ қағаз беріледі. Онда тренинге қатысушылардың есімдері жазылған. Үйлестірілген қағаздағы қатысушының есімін тек сіз ғана білесіз. Енді сіздің міндеіңіз сол қатысушыны көпшілікке мимика арқылы кім екенін айту.

Рефлексияға арналған сұрақтар:

Сізде бұл тренинг барысында қандай қиындықтар болды?

Ол адамды бейнелеу қиын болды ма?

 

  1. Мен оның орнында”

Мақсаты: Тренингке қатысушыларды бір — бірімен жақынырақ таныстыру.

Нұсқау: Топ мүшелері дөңгеленіп отырып, өзінің оң жанындағы бір адамнан кейін және сол жақ жанында отырған  қатысушыларың есімін сонымен қоса өзінің есімін бір параққа жазады Өз есімін ортасына жазуы керек. Барлық қатысушыларға нұсқау бойынша 5 сұрақ оқылады. Сол сұрақтарға әрбір қатысушы өз атынан және параққа жазған қатысушылардың атынан жауап беруі тиіс.

Қойылатын сұрақтар:

  1. Сіздің жақсы көретін түсіңіз?
  2. Сіз жақсы көретін ер адамның есімі?
  3. Сіз жақсы көретін әйел адамның есімі?
  4. Сіз телесериалдарды қаврайсыз ба? (Иә, жоқ, жиі)
  5. Үй жануарларының қайсысын жақсы кқресіз?

 

  1. “Тілек айту”

Нұсқау: Қатысушылар бір- біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.