«Көңілді тапқырлар” интеллектуалдық ойыны

 

Мақсаты: 1.Дүниетану пәні бойынша білімдерін сынау.Пәнге деген қызығушылы-ғын ояту. Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін шыңдау,бірлесе іздеуге төселдіру.

2.Ой-өрісін шыңдай отырып,танымдық қабілеттерін,есте сақтау қабілеттерін дамытып,белсенділіктерін арттыру.

3.Қиындықты жеңе білуге, бір-бірінің ойын,пікірін тыңдауға,табандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,тапсырмаларға арналған парақтар,топ аттары жазылған парақтар.

 

Барысы:

Армысыздар ұстаздар,оқушылар!

Дүниетану пән апталығына арналған сайысымызды бастаймыз .

“Алғырлар ”тобы

Бір мектепте оқимыз бәрімізде,

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға.

“Тапқырлар”тобы:

Біз дайынбыз жарысуға,достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

 

Сайыс 5 айналымнан тұрады: Әділқазылар алқасын сайлау.

 

1-айналым “Тездет,бірақ қателеспе!”

Әр топқва 5 сұрақтан қойылады.Бір сөзбен “иә” немесе “жоқ” деп жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

“Алғырлар” тобына:

1.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй,киім,көлік,теледидар(жоқ,тамақ,ауа,су,жарық,жылу)

2.Көкжиектің 4 тұсы бар. (ия,Солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)

3.Судың 4 күйі бар.(жоқ, сұйық,қатты,бу)

4.Топырақта неғұрлым шірінді көп болса,солғұрлым ол құнарсыз болады. (жоқ,құнарлы)

5.Шарбы,будақ,қабатты  бұлт түрлері (иә)

“Тапқырлар” тобына:

1.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі-карта.(иә)

2.Адам денесінің тірегі бас. (жоқ,қаңқа)

3.Гранит дала шпаты,кварц және слюда бөлшектерінен тұрады. (иә)

4.Пайдалы қазбалар қасиеттеріне қарай 4-ке бөлінеді (жоқ)

5.Құрамында металлдар бар қатты тау жыныстары кенді пайдалы қазба (иә).

 

2-айналым “Ұшқыр ой”

Берілген сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.

Алғырлар: Жолбарыс                    Тапқырлар: Арыстан

 

3-айналым “Ойлы болсаң,озып көр” . Таңдаған ұпайлары бойынша сұрақтарға жауап беру.

“Алғырлар” тобына:

20-Топырақты шайылудан және желдің ұшырауынан қалай сақтау керек?

30-Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.(жантақ,сексеуіл,

40-Шахталардың маңына бос жыныстарды төбе етіп үйіп тастайды.Бұл төбелерді не деп атайды?Ол қай жерде көп? (терррикон,Қарағанды қаласының маңында)

 

“Тапқырлар” тобына:

20-Тұмсығы етті,кеңсірігі дөңес,танауы салбыраған,денесі сымбатты,аяғы жіңішке және мықты.Тобымен жайылады,шөп жейді,ұдайы көшіп жүреді.Ол не?(Ақбөкен)

30-Топырақтағы микроорганизмдер тіршілігі.

40-Тауда тіршілік ететін жануарларды ата.(арқар,барыс,таутеке)

 

4-айналым “Тапқыр болсаң,талас жоқ”. Шрифтограмма шешу.10 ұпай.

 

“Алғырлар” тобына:                              “Тапқырлар” тобына:

ке-тау-те                                                  бө-кен-ақ

ға-жор-шы-лар                                        ті-рек-сүт-қо-лер

ба-жол-рыс                                               ба-құр-қа

 

5-айналым “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”.  Жарнама жасау.10 ұпай.

 

“Алғырлар” тобына:                              “Тапқырлар” тобына:

“Демалыс орны”                                  “Сусын”

 

-Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектеніп,жалықпау,-деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.