Салт – дәстүрім асыл қазынам Тәрбие ашық сабақ

Тәрбие ашық сабақ

Тақырыбы: Салт – дәстүрім асыл қазынам.

Мақсаты : Салт – дәстүр арқылы балалардың бойына мәдени , рухани  және адамгершілік  құндылықтарды дамыту. Халқымыздың ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан рәсімдері туралы мағлуматтар беру.

Ұйымдастыру .

Шаттық шеңбері

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп

Өрімдей боп өріліп

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үй боп тұрайық.

Балалар біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз . Сондықтан біз ұлтымыздың ата – бабамыздан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрімізді ұмытпаумыз керек . Қазақ халқы қандайда болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес көрші – қолаң ,туған – туысын , ел – жұртын жинап атап өткен дархан халық . Егер бір отбасына бала дүнйеге келсе , сүйінші дүниеге ат мінер ұл келді деп сүйінші сүрайды, сүйінші сұраған адамға той иесі сұраганын беру міндетті. Сүйінші дәстүрін « Шілдехана»жалғастырады . « Шілдехана жаңа туылған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып , ән салынып ұлттық ойындар ойналады» Жаңа туылған нәрестеге ат қойылады . Оның соңы «Бесікке салу»рәсімімен жалғасады Әжелеріміз бесік жырын айтады.

Бесік –қасиетті , киелі  , құтты мүлік , сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті от пен аластап , баланы бөлейді. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті адамына жүктеледі. Бесіктің үстүне жеті бағалы заттар жабылады. Мысалы ; ел қорғайтын батыр болсын деген тілектер айтылыды.  Мерекелік дастархан жасалып , бесікке салған адамға кәде берледі.

Бала бір жасқа толғанда , «Тұсау кесу» «Шаш алу» рәсімдері жасалады.

Бұл рәсімді көпті  көрген немесе құрметті адамдардың жолын берсін сол адамға ұқсаған адам болсын деген ниетпен тұсау кестіреді ,шаш алдыртады. Кәдесі беріледі. Дастархан жасалып , ән айтылып, ұлттық ойындар ойналады.

Ерсайын:  Салт-дәстүр туралы тақпақтар

Туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Ел айтады «Надан»  деп

 

Айғаным :   Ата – баба ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты

 

Нұрберген:    Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған салтымыз

Кең даланың халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

 

Аружан :        Ата салтым асыл мұрам

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпін бұзбас қадірім

Өткенімді бүгініммен жалғадым.

 

Ал енді балалар сендермен «Кім зейін» ойыннын ойнап жіберейін .

Ойын шарты ;  Мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап бересіңдер

  • Қуанышты хабар жеткізген адам не сұрайды? ( Сүйінші)
  • Бала дүниеге келгенде қандай той болады ? (Шілдехана)
  • Қай тойда бет ашар айтылады ? (Үйлену)
  • Үлкен адамның алдынан не істеуге болмайды? (Кесіп өтуге болмайды)
  • Тойда не шашылады ?(Шашу)
  • Кішкентай бала енді жүріп келе жатқанда қандай рәсім жасалады?(Тұсау кесу)

Жарайсыңдар балалар.

Олай болса көрніс тамашалайық. Окушылар орындауында . Сүйінші дүниеге ат мінер ұл келді. Нуртас. Қадесін беруші Бекарыс. Біздің аулетте ұлан асыр той  халайық деп бала рөлі;Ерсайын .

Шашу шашып келедітін әжелер : Сезім,Көркем,Асел

Келіншектер: Ару,Мадина, Үміт

Бесікке баланы салып бесік жырын айтады: Сезім

Қасындағы әжелер тілек білдіреді.  Өмір жасы ұзақ болсын, бауы берік болсын, ел қорғайтын азамат болсын.Ұлдар би билейді.

Ал енді  балалар қазағымның бір неше салт – дәстурі бар еске түсірейікші

«Бесікке салу» «Тұсау кесу»   «Наурыз»

Қорытынды : Оқушылар  ашық тәрбие сағатында ата – бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған салт-дәстүріммен тереңәнен таныстық. Салт – дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық. Осыменен бүгінгі Салт- дәстүрім асыл қазынам атты ашық сабағымыз аяқталды.