Тіл және сөйлеу. Сөйлеу не үшін қажет?
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Сөйлеу не үшін қажет?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды тіл қарым-қатынас құралы екндігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау. Өз ойларын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
- Адамдармен қарым-қатынас жасау құралы тіл екендігін басшылыққа ала отырып, бір-бірімен әңгімелесу кезінде сыпайы сөйлеуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақырыпқа сай суреттер, тірек сөздер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірек сызба.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру: Амандасудың түрлерін көрсету.
Ата мен баланың, әже мен баланың амандасуын көрсету.
- Құрбыларыңмен қалай амандасар едіңдер?
- Сонымен бірге қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
III. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыс.
Кітаппен жұмыс:
42-жаттығуда берілген сюжетті суреттердің мазжұны әңгімелесу арқылы ашылады. Әңгімелесу барысында әр суреттің мазмұны айқындалып, адамдардың бір-бірімен қарым — қатынасқа түсуі үшін сөйлесетіні, тілдесетіні туралы қорытынды жасайды.
- Суретпен жұмыс: сурет бойынша сұрақ қойып, оған жауап алу.
— Мұғалім не істейді? — Мұғалім түсіндіреді.
— Дәрігер не істейді? — Дәрігер науқасты емдейді.
— Әжесі не істеп тұр? — Әжесі немересін шақырып тұр.
Сөйлеседі
Хабар береді
Тіл арқылы адамдар бір-бірімен араласу үшін Пікірлеседі
Білмегенін сұрайды
Кеңеседі
- Сергіту сәті:
- Мәтінмен жұмыс.
44-жаттығу. Барлық оқушы іштей оқып болған соң, бір немесе екі оқушы дауыстап оқиды. Бұдан соң мәтін бойынша төмендегідей сұрақтар қойылады.
-Адамдар сөйлесуді қашан бастаған? — Адамдар сөйлесуді өте ертеде бастаған.
— Сөйлесу не үшін керек болды? — Бірін-бірі көмекке шақыру үшін ауыз екі
сөйлеу керек болды?
— Көмекке не үшін шақырды? — Бәрі бірлесіп істеген жұмыс оңай болды.
— Қазір адамдар бір-біріне қалай хабар береді? — Телефонмен, агентпен, интернет
арқылы хабарласады.
VII. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Жж
Мәтіннің мазмұнын қысқаша дәптерге жазу.
Шығармашылық тапсырма.
«Жазбаша» сөзінен жаңа сөз тудыру. Жаз, жаза, аш, аз, аза, аша, жазба.
YIII. Қорытынды:
- Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
- Адамдар сөйлесуді қашан бастады?
- Бағалау.
X.Үйге тапсырма. 45-жаттығу. Сөйлемде не туралы айтылғандығы жөнінде әңгімелеу.