«Жүзден жүйрік» атты сайыс

Шынықсаң шымыр боларсың

Сауығып айдай толарсың

Спортты серік ете біл

Жақсы азамат боларсың

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ

Жарысқа түсіп қалайда –деп

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Ал, енді бір-бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз

 

сайысқа түсетін топтарымызды ортаға шақырайық.

«Қыран»    «Сұңқар»

Топтар өздерін таныстырып өтсін

«Қыран» тобы                                        «Сұңқар» тобы

Ұраны: Қыран тобы алға                     Сұңқардай қалықтаймыз

Биіктерге самға                       Ізденуден жалықпаймыз

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда

 

 

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

 

  1. «Кедергіден секіру, тунель ішінен өту» Балалар мен ата аналар тізбектеліп тұрып , бала кедергіден өтіп,тунель ішімен еңбектеп кеглиді айналып,жүгіріп келеді. Келесі ата- ана қайталайды.

Басты байлық денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық

 

  1. «Картоп салу» балалар кішентай доптарды құрсауға салады ,ата –ана оны жинап себетке салады. Кезекпен солай жалғаса береді.

 

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік

 

  1. «Кім тапқыр» Ал енді келесі кезекті ата — аналарға берейік. Екі топ ата-аналары мына берілген сөзжұмбақты шешу керек.

 

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

  1. «Құрсаудағы балапандар» Ата-анасымен баласы құрсаудың ішіне кіріп белгіленген жерге дейін жүгіріп кеглиді айналып келеді. Келесі де солай қайталап шығады

 

 

  1. «Арқан тарту» Алдымен ата-аналар шығып арқан тартады,одан кейін балалар тартысады .

 

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады, —

демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.