Ертегіні керісінше айтайық

 

Психологтың мақсаты: Баланың елестетуін және ойлауын дамыту.

Балалардың  мақсаты: Белгілі ертегі кейіпкерінің мінез-құлқын өзгерте отырып, жаңа ертегінің сюжетін ойдан құрастыру.

Балалармен бірге жақсы таныс ертегіні еске түсіріп, оның кейіпкерінің мінез-құлқын өзгерту жөнінде ұсыныс жасайды. Жағымды мінез-құлықты жағымсызға және жағымсызды жағымдыға айналдыру.

Мысалы: 1. Қатты ашуланған сиқыршы кейіпкерді сиқырлап тастайды.

  1. Мейірімді кейіпкердің жүрегіне бір түйір мұз түсіп қатігез адамға

айналыпты.  Ал  қатаң  кейіпкер жүрегіне  аяныш  сезімі  ұялап,

мейірімді адам болыпты.

  1. Жағымсыз кейіпкер бір жақсы іс істеді және  бұл  оған  ұнағаны

сонша ол…

Қалыптасатын танымдық процесс: өздерінше әрекет ету, алғырлық, зейінділік, бағалау.