Өз өміріңді қалай емдеуге болады?

Өз өміріңді қалай емдеуге болады? (Луиза Хей бойынша)

Менің кейбір ойларым…

  1. Біз өз әрекет, қылықтарымызға 100% жауаптымыз.
  2. Әрбір ойымыз болашағымызды жасайды.
  3. Өзін кінәлі сезініп, өзін жек көру — барлық адамға тән қасиет.
  4. Барлығы да өзін «мінсіз емеспін» деп есептейді.
  5. Эмоция саулығына кері әсер ететіндер:реніш сақтау, ашу, өзгені және өзіңді сынға алу.
  6. Жүрегіңде жиналған өкпе-реніштен, ашудан арылу жаман аурудан емдейді әрі сақтайды.
  7. Өзімізді өзіміз шын мәнінде жақсы көре бастаған сәтте ғана өміріміз керемет болады.
  8. Адамдарға, оның ішінде өзімізге деген өкпе-ренішті ұмытып, өзіміз «өткен шақ» деген бұғаудан босануымыз қажет.
  9. Нақ осы сәтпен өмір сүруді үйрену.
  10. Өзімізді бар болмысымызбен қабылдап, өз әрекет, қылықтарымызды құптау арқылы жақсы әрі нәтижелі өзгерістерге бет бұрамыз.
  11. Денеміздегі «ауру» атаулынының пайда болуына себепкер — тек қана өзіміз.

 

Менің сенімім…

Өмір – өте қарапайым. Не берсек, соны аламыз.

Біз сенген дүние шындыққа айналады. Сенім мен ойлайтын ойды да өзіміз таңдаймыз. Бізге күніне ойлауға ойдың миллион түрлі мүмкіндігі беріледі. Ғалам Күші  бізді ешқашан сынамайды да, жазғырмайды да. Ол бізді қандай болсақ, дәл сол болмысымызбен қабылдайды. Сосын өз пікіріміз бен тұжырымдарымызды өзімізге автоматты түрде қайтарып береді.

Егер Сіз  өзіңізді жалғыз сезініп, мені ешкім сүймейді деп есептесеңіз, расында да өмірден ойлаған дүниеңізді аласыз.

Ал «махаббат әлемде бар, мен де сүйемін, мен де біреудің сүйіктісімін» деген сөйлемді күнделікті әрі  жиірек қайталап отырсаңыз, сол сезімді басыңыздан өткеретініңіз даусыз. Күтпеген жерден өміріңізде көптеген жаңа ғажап жандар пайда болады, ал бұрыннан Сізді жақсы көретіндер одан да қаттырақ қадірлейтін болады.

 

 

Өмірге қажетті жетелеуші күш нақ осы сәттен бастау алады.

Осы кезге дейін өміріңізде орын алған жайлардың барлығы да осыдан бірнеше жыл бұрынғы ойлаған өз ойларыңыздың, айтқан сөздеріңіздің жемісі болып табылады.

Бірақ барлығы да өткен шақ болып қала бермек. Маңыздысы, дәл қазір не ойлап және не нәрсеге сенетініңізде. Әрдайым есте ұстаңыз: дәл осы ойыңыз бен сөзіңіз болашағыңызды құрайды. Келер күн, келер апта, келер жыл дәл қазіргі сәттен бастау алады.

Осы сөздерді оықп отырғанда – ақ байқаңыз, дәл қазір не ойлап отырсыз? Ойыңыз жағымды ма әлде жағымсыз ба? Осы ойыңыз болашағыңызға әсер еткенін қалайсыз ба?