БИС технологиясын қолданудағы отырғызу орындары матрицасының — бақылау әдісі Педагогикалық кеңес

«Текелі қаласы білім бөлімі» Мемлекеттік мекмесінің «№2 балабақшасы » Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

 

 

 

 

 

 

 

БИС технологиясын қолданудағы отырғызу орындары матрицасының — бақылау әдісі

Педагогикалық кеңес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       «Балдәурен» сауықтыру  тобының тәрбиешісі: Маткаримова Айжан 

                                                                                                      Манаповна

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Көрнекі ақпарат

Бүгінгі таңда  білім сапасын көтерудегі тиімді технологияның бірі – «Биоақпараттану және синергетика» туралы ақпаратпен жоғарыда  таныстық. «Биоақпараттандыру және Синергетика» технологиясы – сәттілікке, табысқа және кемелдікке жетудің жолы – деп Қазақстандық ғалым технология авторы Вассерман айтып өткен.

Технологияның басты элементінің бірі — білім, білік, дағдыны қалыптастыру матрицасы болып табылады.

Слайд:

Автор білім сапасын басқарудың негізгі құралдарына матрицаны жатқызады.      Матрица дегеніміз —  балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу деңгейін көтеруге арналған.Тәрбиеші ұяшықты көрсетеді, бірақ аты-жөнін атамайды, мысалы: маркировкаға  сәйкес суретін көрсетуде бала өз маркировкасын танып, орнынан тұрып қойылған сұраққа жауап беруі тиіс. Плюс немесе минус таңбалары қойылады. Оқу қызметіне барлық балалардың қатысуы қадағаланады. Бұл әдіс тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттырады. Ойлау жылдамдығын, зейіні мен логикасын дамытатын ойын сияқты. Матрица барлық бүлдіршіндердің әділ жауап бергеніне қарай толтырылады.

Слайд:

Ескерту: Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы бойынша оқыту сапасының нормативтік көрсеткіші 63% төмен болмауы тиіс деген.Әр оқу қызметінде балалардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек.

Слайд:

Қолдану туралы мәліметтер:

Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман технологияда оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құра отырып,  оны есептеуде «Күрделілікті есептеу формуласын» қолданады, ол 3 кезеңді құрайды. Жаттықтырғыш, бекіту, есте сақтау .

Білім сапасын басқару шектеулі уақытсыз мүмкін емес. Осыған орай тапсырманы орындау уақытының нормативі белгіленген «5+30 » Яғни тапсырманы 5 бала орындап болған соң қалған балаларға тапсырманы аяқтауға  30 секунд беріледі. Бұл әдіс үздіктерге бағытталуға және тапсырманы орындау уақытын стандарттауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жоба идеясы «БиС» технологиясымен ұсынылған кейбір тәсілдер балаларды мектепке дайындау сапасын арттыру үшін пайдаланылады, өйткені технология жалпы оқыту сапасын арттыруға бағытталған және баланың ойлау қабілетін және оның білім беру процесіне қызығушылығын дамытуды мақсат етеді.Әр топта матрица қамтылмағандықтан, өз тәжірибеме сүйене отырып сіздерге өз шығармашылығымнан мынандай қызықты ойындарды ұсынамын.

Слайд:

Қорыта келе «Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясын қолдану, ойлану жылдамдығын арттыру, еске сақтау, оқу үлгілерімінің сапасын жаңарту, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні сөзсіз.