Кеңес тақырыбы Баланы балабақшаға бейімдеу

 

 

Кеңес тақырыбы:   « Баланы  балабақшаға бейімдеу»

 

Балабақшамен   отбасындағы   тәрбиеде  бірінші  орында  баланың

жанжақты  дамуы  тұрады. Тәрбиеші  баланы балабақшаға   қабылдаған

да  әрдайым  жылылық бере  білуі  керек. Баланың қандай көңіл күймен

келгенін  білу, оны алып қайтуға келген  ата- анасына қуанышты сәттерін айтып отыруы қажет.

Баланың   әлеметтенуі  қашан, қайда пайда бола  бастайды?

Әрине, бірінші отбасында  және балабақшаға  келгенде. Балабақшада

таныс  емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ереже

лерімен нормаларын меңгереді. Жаңа  жағдайға  бала қалай үйренеді?

Өкінішке орай  балабақшаға бейімделу   көбінесе қиын және ауыр өтеді.

Бала  тамақ ішпейді, ұйықтамайды, ойыншықтармен  ойнамайды, балалар

мен  және үлкен  адамдармен араласудан бас  тартады да, қоршаған  ортаға  деген   қызығушылығы   төмендейді.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу  себептері:

1.Басқа адамдармен  бұрын қалып көрмегендіктен,

  1. Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен
  2. Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша,

рамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген картоп, нан.

  1. Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы

күні  бойы балабақшада  қалдырады. Осының  нәтижесінде

күрделі  және созылмалы мәселелер пайда  болады.

  1. Балаңызмен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба?

Әр   отбасында  бейімделу  әр түрлі  және ұзақ  өтуі де мүмкін.

Бейімделудің   үш  түрі бар:

1.Жеңіл түрі- баланың мінез құлығы 10-15  күнде

қалпына   келеді;

2.Орташа  ауырлық бейімделу – 1айдың ішінде;

3.Ауыр  бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары  қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп,баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар көмек беруі керек,ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

1.Баламен тез қоштасып үйреніңіз,қоштасуды созбаңыз.

2.Бала сіздің  қобалжығаныңызды көріп,тыныштануы ұзаққа созылады.

3.Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

4.Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып,балаңызды алдарқатпаңыз.